Сен тұр - мен айтайын!

Мемлекеттік тапсырыспен шыққан кітабын оқырман тұрмақ әріптес жазушылары да оқымайды

  • Мемлекеттік тапсырыспен шыққан кітабын оқырман тұрмақ әріптес жазушылары да оқымайды

    Мемлекеттік тапсырыспен шыққан кітабын оқырман тұрмақ әріптес жазушылары да оқымайды

ҚАЙ ЕЛДЕ КІТАП КӨП ОҚЫЛАДЫ?


Батыс елдерінде әдеби кітап көп оқылады. Жазушылар туындылары мол тиражбен басылып шығып, кітап саудасы қызып тұратындықтан табыстары да қомақты. Жазушы ретінде танылған әр қаламгер күн көрістің қамы үшін ешқайда жалданып жұмыс істемейді. Шығармашылықпен айналысып, кітаптарын шығарып та тәуір өмір сүре алады.

Ал, бізде кітап оқылмайды, бөлшек саудада өтпейді. Жазушылар белгілі бір мекемеде жұмыс істеп, болмашы жалақыны мәсе тұтады. Кітабы үкімет бюджеті есебінен азғана тиражбен басылып шығады. Мемлекеттік тапсырыспен шыққан кітабын оқырман тұрмақ әріптес жазушылары да оқымайды. «Оқыдым» деп өтірік мақтай салуы мүмкін.

Ендеше, кітаптары неге оқылмау себебі, баспа орындарында ма деп ойлаймын. Батыс әлемінде мемлекеттік баспа атаулы жоқ, бәрі жекеменшік. Жазушылармен тікелей шарт жасасып кітапты өздері бастырып, таратады, саудаға шығарады. Үкіметтен қаржы да, бата да сұрамайды. Бастабында 500 дана басып шығарып жұрттың тамырын басып көреді. Жұрт жабылып, жапа-тармағай оқи бастаса, сұраныс көбейсе ғана топырлатып бастыра береді. Кейін тапсырыс түссе, сұранысқа қарай тағы да баса береді.

Осылайша, қысқасы, баспаны да жазушыны да оқырман қауым асырайды. Жазушылар бар өнерін салып, тек жазумен ғана айналысатындықтан шеберліктері де шыңдалады, әл-ауқаттары да артады. Нобель сыйлығын алып, бай-қуатты өмір сүріп жатқандар да солар. Қазақ жазушысының көрген күні баршамызға мәлім.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1378    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.11.2019, 11:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31