Мемлекеттік тілдің мәртебесі деген сөздерді биік мінберден сан рет қайталанғаннан не пайда?!

15 желтоқсан 2021, 13:56

Көршілерімнің, туыстарымыздың, өзім араласатын біраз құрбымның балалары биыл мектепке барды. Ешқайсысы жарытып қазақша білмейді. Сонда да қазақ мектебіне берген еді ғой. Енді солар қатты қиналып жатқанын айтады. Өйткені бала орысша ойлайды. Қазақша тапсырманы алдымен орысша аударып, содан кейін барып орындаймыз дейді. Сабақты қазақша оқимыз, қазақ мектебінде оқимыз деген аты ғана ғой сонда.((((((((((((( Ал сіздер қазақ мектебінің үлес салмағы пәлен пайыз деген әңгімені айтасыздар. Мултьфильм мәселесін қолға алу керек дегенді талай айттық. Қазір өзім де немереме акуленок көрсетіп отырмын, ал. Соның бәрін неге, ең болмаса, қазақша аудармасқа?! Орыстар да неше түрлі ағылшынша мультиктерді орысша аударып тастаған ғой. Ал қазақша жетіскен мультик жоқ екен. Бұл туралы да айтқамыз (жазғамыз). Сұмдық қой мынау енді! Құрсын, қаланың ортасындағы үйді сатып, қаланың шет жағынан үй алу керек болды. Әйтпесе, немерелер тошына дүбәрә болады. Өйткені двордағы баланың бәрі орысша сөйлеп жүр((((((((( Осыдан біраз жыл бұрын Қытайдағы туыстарымызға барып, таудағы қазақ үйдің айналасында ханзуша шүлдірдеп жүрген қаракөздерді көріп, шок болған едім. Шок болғанда сол көріністі қабылдай алмағам. Жүрегім ауырған. Қазір Қытайды қойшы, өзіміз жетісіп тұрмыз ба деп ойлап отырмын. Мемлекеттік тілдің мәртебесі деген сөздерді биік мінберден сан рет қайталанғаннан не пайда?! Егер ол тіл сенің ұрпағыңа керек болмаса...

Жанар Оразымбет

Фейсбуктегі парақшасынан