Сен тұр - мен айтайын!

«Мені аяңдаршы» деп ойбай салған сорлылық психологиясы бар

  • «Мені аяңдаршы» деп ойбай салған сорлылық психологиясы бар

    «Мені аяңдаршы» деп ойбай салған сорлылық психологиясы бар

Бір жігітті білем, атақты әуе компаниясының қазақшасын түзеп бергені бар, соны өзі айтпайды, жазбайды, сұрасаң «солай болған еді» деп қысқа қайыра салады. Бірде ол ұшаққа мініп, орындық қалтасында жататын ұшып-қону мен қауіпсіздік шарттары жазылған қағазға көз жүгіртеді. Сосын, дәл сол жерде ноутбугін қолына алып, әйгілі әуе компаниясының өте кірпияз басшысына хат жазып, қазақ тілінде жазылған анықтамада қате көптігін, бұл компанияның мемлекетті, тұтынушыны сыйламауы халықтың намысына тиетінін ашып жазып, керек болса, компанияның бар құжатын тегін қазақшалап беруге, бұл әрекеті үшін көк тиын ақы алмайтынын және компания құжаттарындағы қырғын қатені келемеждеп әлеуметтік желіге салып хайп қумайтынын да көрсете кетеді. Ұшақ қонып, интернет байланысы қосылғанда компанияның ресми сайтындағы э-поштаға қазақ және ағылшын тілінде жазған хатын жөнелтіп жібереді. Бір сағат өтпей, нән компанияның біздегі министрлердің сәлемін алмайтын өте шоң бастығы әлгі жігітке өзі телефон соққан. Қысқасы, ол айтқан сөзінде тұрып, компания қағаздарындағы қазақша мәтіндерді дұрыстап берген («әуе ағымының қолайсыз кезеңінде ұшып келе жатырмыз» деген аудармаға еш қатысым жоқ дейді). Әлгі жігітке әуе компаниясының басшысы жап-жақсы қызмет те ұсынған екен, ол одан бас тартып, өз жолымен кете беріпті.
Біраз адамды және білем, оларды сіздер де жақсы білесіздер. Арасында өзім де бармын, біреуіміз билік жағында, екіншіміз бергі жақта, әйтеуір әлеуметтік желіде тілге келгенде бірімізді-біріміз тоқпақтап, терісін іріп, әр сөзін ірітіп, әрекеттерін мұқатып, кекетіп отырамыз. Байқаймын, осы ісіміз өзімізге сұмдық ұнайды. Өйткені бізде, билікте де, көпшілік халықта да өзін өзі құрбандыққа шалып жіберген, күреспей жатып жеңілген, бір әріпті түзеуге талпынбаған, сөйте тұра, тілге келгенде тереңнен толғанып, ақырында не артындағы азғантай ықпалды топқа, не әлеуметтік желідегі шашыраңқы жұртына қарап, «мені аяңдаршы» деп ойбай салған сорлылықтың психология бар. Бұл сорлылық психологиясы, қайталап айтайын, екі жақта да бар. Егер ол бір жақта ғана болған болса, онда қазақ тілін бүгінге дейін не алшысынан, не тәйкесінен тұрғызып қояр едік.
Кейде мен жоғарыда айтқан жігіттің сол әрекетіне қызыға қараймын және онысын аяп кетемін. Қызығатыным біз көп болсақ та, оның үндемей жүріп істеген сондай тірлігін істеген емеспіз. Істемейміз де-ау. Аяп қарайтыным, ол жігітте біздегі сияқты сорлылық, құрбандық психологиясы жоқ. Ол біз сияқты жатып алып, жылай алмайды. Немесе тіл тағдырын айғайлап толғанып, батыр да бола алмайды.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1965    Пікірлер: 0

жұма, 20.08.2021, 00:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31