Мен де кіріп алайын деп сығалап көрсем, барлықтарың тізіліп отырып алыпсыңдар...

13 желтоқсан 2021, 01:39

Менің қызметтес болған директорым, пенсияға жақын қалғанда, совхоздар тарап, көрші ауданға аймақаралық ауыл шаруашылық басқармасына бастық болды. Өзі шығыстың жігіті, басқа ауданнан келген, аудан басшыларының тарапынан аздап қағажу көрген секілді. Бір күні сол ауданның жігіттерімен демалып отырып, аудан басшысы соңыма түсіп алды, тіпті не істерімді білмеймін деген ғой. Сөйтсе сол арада бір жігіт жанашырлық танытып: - ой, Уәке, соған да қиналасыз ба, ақырындап аудан басшысын Бәке, Сәке деп к@тіне кіріп алмайсың ба?! Бар проблемаң шешіледі деген ғой. Уәкең тұрып: - әкесс..., ол да ойымда болды, мен де кіріп алайын деп, ақырындап сығалап көрсем, құдай-ау, барлықтарың тіз-қатар тізіліп отырып алыпсыңдар, сенесіңдер ме, орын жоқ, - деген ғой. Отырған жігіттердің барлығы жым болды дейді.
Жәй, әншейін, кешелі-бері бір орын босап жатыр дегенім ғой.

Молдахмет Нұрахмет

Фейсбуктегі парақшасынан