"Мен құдайға сенемін, бірақ атеистпін"

"Мен құдайға сенемін, бірақ атеистпін"

 Мен құдайға сенемін, бірақ атеистпін

Хайп қуғанның көкесі осы болар!

Қоғамды жасап отырған адамдардың кейде ішкі жан дүниесі ақылға қона бермейді. Жалпы саудың тамағын жеп жүрген секілді, сөйлеген сөзі ессізден ары. Ғылымға берілгенін сондай бір дәлелдей алмай кететін болулары керек, сұқбат берген кезде немесе сөз алып сөйлей бастағанда ортаны өзіне жалт қарату үшін: «Мен құдайға сенемін, бірақ атеистпін!» деп бұрқ еткізеді. Түк көрмеген көрерменнің ішінде сол сөзге аңсары ауып, «неге олай екен ә», « тегін адам емес қой» деп тон пішетіндерін қайтесіз...

Жалпы Құдай заводтан шығып жатқан ойыншық немесе табынатын таңбалы тас емес. Ол – Құдай. Бітті! Ақылың тасып бара жатса, ақылы жоқтарға білім үйрет. Қолыңан келмей жатса, дінге келіп қадалып, оның астарынан философиялық жаңалық ашудың қажеті жоқ. Құмалағын керек қылмаған қой секілді, Құдай да сендерсіз өзінің қандай екенін жақсы біледі.

Ғылымға ғылыми тұрғыда қарауға, оған құдайсыз келемін десең де өз еркіңде (жауабын өзің бересің). Ешкім сенен «Сенің ғылымың халал не харам» деген жоқ. Алдымен сол ғылымды көрсет, кейін дін туралы әңгіме айтамыз. Ал ғалым біткен ғылымның түбіне жетіпті десе, мұрнымды кесіп берейін. Ендеше, Жаратқан да ақымақ емес қой, өзін талқылау үшін ғылымның да түбін шексіз қылып қойған. Өзі де, өзі жаратқан құбылыс та шексіздікке негізделген. Ал мынау жарық дүние адамға берілген бірер минуттық уақытша сынақ пен ләззат ортасы.

Дінді зерттеп жүрген ғалымдардың: «Мен діндармын, діндармын...» деп ән салғанын немесе солардың сұқбат сайын: «Ғылым оттаған дүние» дегенін естіген жоқпын (дін ғалымдарын айтып отырмын). Ал керісінше, көзқарасы «ойбай» дейтіндердің күресі өзімен де ғылыммен де емес, осы айналып келіп дінмен жүріп жатыр. Ғылымға діннің қарсы келгенін көрдіңдер ме? Әрине, бар болуы да мүмкін. Тек ол Құдайдың айтқан шеңберінде ғана: пайдасыз ілімнің мәні де жоқ.

Қазір «хайп» деген өзіңе назар аударту. Хайптың да естісі бар, ессізі бар. Еркек – әйелге, әйел –еркекке айналса, қазаққа рухани жаңғырудың жолын шешініп тастап, денесіне суретпен әрлеп сурет салса, құлағын тескенді айтпағанда, шашын буып, төсін анарға айырбастап жатса, жұрт біткен елең етіп, соны қызықтайды. Басында жек көреді, кейін көз үйреніп, «нәрмәлнә» деген көзқарасқа келеді. Сонда әлі өзгеріске түскен кейіпкердің сұқбат кезінде айтатыны: «Соңғы бір сөзім айтайын, біз өмірді дұрыс танымадық, бұл үлкен философия, ол жерде құдай бар ма жоқ па оның өзі ойландырады...» деп сойып салады. Не деген таным, не деген ұғым ә! Жарықтық, соңғы сөзінде: «Қазақтың ғылымы осында жатыр екен, соған ат салысып жұмылайық» деп жіберсе, беу демейсің бе?! Шірік философия әркімнің ішінде бар.

Шындығында, біреуге құдайсыз екеніңді дәлелдеу немесе құдайға өлердей ғашық болуыңды көрсету түкке тұрғысыз түсінік. Далада шашылып жатқан хайптың мың түрі бар. Таба алмай қиналатындай ақсүйек ойыны емес. Теріп алсаң да Құдай ренжімейді. Тек соның өзіне тиісіп не соның өзін жоққа шығару арқылы әчкө жинамай-ақ қойсаңдар.

Дінді – Ислам, Құдайды – Хақ деп танымасаң да мейлің, тек іштегі сенгеніңе иек артып, кәлимаңды бір иіріп қойып жүре бер. Жетеді. Қалған сауабын Жаратқан өзі-ақ сенің ғылымдағы көзқарасыңа қарап бере салады. Иә, қатты сеніп жүріп кейде еркелейміз. Еркелеп жүріп те тілмен от басамыз.

Әр үйде бір мінезі ауыр, қалжыңды көтере бермейтін немесе көңілі шат, алайда бір ашуланса желкеңнен періп келіп жіберетін көкелер болады ғой. Болмағанда, Құдайдың өзін және қаһарын да сол секілді елестетіп қою керек. Бүгін үндемейді, ертең де үндемейді, бір күні айналдырып түссе, таң қалма!

Өзің адастың ба, өзгені адастырмай тыныш жүр. Гений боп бара жатсаң көрерміз. Халық дегенің де негізі Құдай. Тезіне өзі салып, өзі реттеп береді.

Ой маған да бір, хайпанерлер..! «Өзі жоқтың көзі жоқ» деп жүрсіңдер ме?! Көздің көкесі іштеріңде жатыр.

(с) Марғұлан Ақан

facebook.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста