Сен тұр - мен айтайын!

Мен Машкевичке қарыз бердім!

  • Арман Сқабылұлы

    Арман Сқабылұлы

...Сол ақшаның түбі бір қызығын көрем -ау деген дәме өзімде де шамалы еді. Анау зейнетақы қорындағы ақшаны айтамын. Парламенттегі Азат Перуашевтың депутаттық сауалын естіген соң сол дәмеден дәнеңе де қалмады -ау деймін? Бірақ, көңілімде мақтаныш, өзіме деген құрмет пайда болды. Бұдан былай айта жүремін. Сіз де айта жүрсеңіз болады. Анау алпауыт Машкевичтеріңіздің өзі менің ақшамды қарызға алыпты. Енді өзімнен сұраған жоқ... бірақ түбі қайтарамыз деген ғой. Сізден де сұраған жоқ па? Оқасы жоқ, ұмытып кеткен шығар! Біздің жұмыстағы Макстың қыр соңынан қалмай жүрген "Альянс банк" дегендерің сол Макстың қордағы ақшасын алып, өзіне кредитке беріп жүр екен. Қатырады, ә?

Машкевичтердi қойшы, үйреніскен"жау " ғой. Зейнетақы қорындағы ақшамызды әжетіне жаратып жатқандардың тізімінде ресейлік "Сбербанк" те жүр. Әй, біз де тегін емеспіз ғой деймін. Мәскеулiктерге қарыз беруге жарап тұрған соң...Қой, көп мақтанып кеттім-ау деймін, одан да тезірек банктегі кредитімді төлеп келейін...

P.S. Азат Перуашевтың Қайрат Келімбетовке жолдаған депутаттық сауалы бойынша Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорындағы қаржы екінші деңгейдегі банктерге берілген. Қарапайым адамдардың жылдар бойы жинаған миллиардтаған қаржысы сенімді қолға берілді ме? Әлде, тағы "қасқырға қой бақтыратын" әдетімізге бастық па? Бұл сауалдарға Ұлттық Банк төрағасы жуық арада жауап береді деп үміттенемін.

1. "Еуразиялық " банк- 78 млрд теңге

2."Каспий " банк- 169 млрд теңге

3."Альянс ", "Темір " банк- 39 млрд теңге

4, АТФ банк- 101 млрд теңге

5. "Сбербанк "- 152 млрд теңге зейнетақы қорынан алыпты.

Арман Сқабылұлы

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1839    Пікірлер: 1

жұма, 24.10.2014, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30