Сен тұр - мен айтайын!

Мен министр болсам, Білім басқармаларын тікелей министрлікке бағынатын етер едім...

  • Мен министр болсам, Білім басқармаларын тікелей министрлікке бағынатын етер едім...

    Мен министр болсам, Білім басқармаларын тікелей министрлікке бағынатын етер едім...

Бүгін журналистер:
- Сіз Білім және ғылым министрлігінің министрі болсаңыз, жұмысыңызды неден бастар едіңіз? - деген сұрақ қойды..
- Ойбай, мені кім министр қойсын? - деп бәлсінуге уақыт тар..

Шыны керек, өзім тіпті зауыш болуға ұмтылмағанмын (Оның үстіне "Бола қойшы" деген де адам болған емес. Бұл менің кінәм емес, Қазақстанда резерв дайындау жүйесінің мүлдем күйреп, жемқорлық пен непотизмнің белең алғанының белгісі болса керек).

- Мен министр болсам, ең алдымен Білім Басқармаларын жергілікті әкімдікке бағыныштылықтан шығарып, тікелей министрлікке бағынатын етер едім...

Екінші, шашырап жатқан неміс жерлерін біріктіріп, Ұлы Германияның негізін қалаған канцлер Бисмарк секілді "Мектептен ақша аяған ел түрмелер салады" деп, білім саласына қаржы барынша көп бөлдіруге күш салар едім. Қазіргі заманда елді өрге сүйрейтін - ғылымға сүйенген экономика. Ал, ғылымның анасы - мектеп..

Үшінші, мұғалімнің жалақысын министр мен Мәжіліс депутаты жалақысының кем дегенде 70%-ы етіп байлап қояр едім. Сонда "педагог" мамандығы бәсекеге қабілетті болар еді.. Шамамен осылай дедім..

Ал енді азырақ ностальжиге ерік берейін). "Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?!" дегендей, адам бала күнінде қиялдай береді ғой...

Мен де сөйткем. Бірақ ешбір қиялымда "бастық болу" деген болған емес... "Бастық бол" деп сыбырлайтын сайтан кейінірек пайда болды.

Ойламаған жерден инженер болуға тура келді. Ойламаған жерден 450 қызметкер жұмыс істейтін жобалау институтында мұздатқыш техникасының жалғыз маманы мен болып шықтым.
Басшыларым менің жұмысымды жалпы бақылағанмен, ешбірі түсінбейді.
27-28 жасқа келген кезде сайтан түртіп, менің алдымда ешкімге дауыстап айтпайтын, өзіме ғана айқын мақсат пайда болды. Ол 37 жасқа жеткенше сол институтқа кемі бас инженер болу... Кеңес Одағы ыдырап, артынан институт жабылды).
Тек кейде түсімде кульманның алдында, бірдеңелерді сызып жатамын...

Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 17:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29