«Мен оны сол сәтте басып озып кетсем, анамның көзіне қалай қарар едім?»

21 шілде 2021, 10:42

Дегдар болмыс

Жарыста Абель Мутай деген кениялық желаяқ мәреге жетер-жетпес жерден тоқтап, мен жеңдім деп ойлапты. Ізін қуып жете берген испандық Иван Фернандес оның мәреге әлі жетпегенін айтып, айғайлайды. Бірақ кениялық спортшы оның испаншасын түсінбейді. Түсінбегенін білген соң испандық Абельді сүйрелеп, мәреге бірінші қылып жеткізеді.
"Кениялық спортшының жеңіп кетуіне неге жол бердің?"- деп сұраған журналистерге: «Мен жол бергем жоқ. Ол онсыз да жеңіп келе жатқан», - дейді Иван. Журналист сонда да: «Оны басып озып кететін мүмкіндігің болды ғой?» деп тықақтайды. Иван оның бетіне қарап: «Ондай жеңістің құны қандай болмақ? Ондай жолмен келген медальдің қажеті не? Бәрінен де мен оны сол сәтте басып озып кетсем, анамның көзіне қалай қарар едім?» депті.
Құндылық деген ананың ақ сүтімен сіңетін дегдарлық.


Аударған Шынар Әбілда

Фейсбуктегі парақшасынан