Сен тұр - мен айтайын!

Мен саналы ғұмырымда еңбекқор тышқан көрмеппін

  • Мен саналы ғұмырымда еңбекқор тышқан көрмеппін

    Мен саналы ғұмырымда еңбекқор тышқан көрмеппін

"Тышқан жылы құтты болсын. Тышқан еңбекқор ғой. Еңбекте жемісті болайық..." деген тілектен шаршадым. Бәрі өтірік!

Мен саналы ғұмырымда еңбекқор тышқан көрмеппін. Сіз шынымен көрдіңіз бе? Кәдімгі маңдай терімен тамақ тауып, бала-шағасын асырап, қоршаған ортасына да сауабын тигізіп жүрген тышқан тауып беріңізші Маған. Сол кезде сіздің айтқан тілекке шын қосылам.

Мен ұры тышқан көрдім. Сондықтан да елімізде тышқан сияқты ұрылар азайсын. Әйтпесе мысықтың жемтігіне айналады түбінде.

Мен сасық тышқан көрдім. Сандыққа жиып қойған киімді шуаш сасытатын. Сондықтан да елімізде сасық дүниемен айналысатындар азайсын.

Мен жеп отырған күрішің мен тарыңды арам қылатын тышқан көрдім. Сондықтан да елімізде арамтамақтар азайсын.

Мен асыл дүниеңді кеміріп пайдаға жарамсыз қылып тастайтын тышқан көрдім. Сондықтан да еліміздегі "кеміргіштер" жоқ болсын.

Мен құмырсқадай қаптап, бірақ денеңді тітіркендіріп жіберетін тышқанның қалың тобырын көрдім. Сондықтан да елімізде біреудің айдауына еретін мақұлық тобырлар азайсын.

Мен егістік алқабындағы бидайды қоймай, қоймадағыны ұрлап тауысатын тышқан көргем. Оларды "жемқор тышқан" дейді. Ендеше еліміздегі жемқорлар түп тамырымен құрысын.

Тышқан-тірлік ырзық емес пендеге!

Әумин!

facebook.com парақшасынан

Тәуірбек Бозекенов




Көрілген: 1037    Пікірлер: 0

жұма, 03.01.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29