Сен тұр - мен айтайын!

МЕН ШОКПЫН, СІЗДЕР ДЕ ШОК БОЛЫҢЫЗДАР!

  • МЕН ШОКПЫН, СІЗДЕР ДЕ ШОК БОЛЫҢЫЗДАР!

    МЕН ШОКПЫН, СІЗДЕР ДЕ ШОК БОЛЫҢЫЗДАР!

Жыр болған қайранда қайран атаулы әлеуметтік көмек.

Бастапқыда шарттысы 1 жылға, шартсызы 6 айға есептеледі делінген.

Өздерінің айтуы бойынша, алған ақшаға мал немесе пайда әкелетін зат сатып алып кәсіптеріңді дөңгелетіп, жағдайларыңды түзейсіңдер деген.

Ешқандай заңда көрсетілмесе де, онысына мақұл дегенбіз.

Біразы ірі қара мал алды, мен ешкі алдым, баз біреуі тігін машинасын алды. Сөйтіп, ақшаны қайда жаратқанымыз туралы есеп беріп, екінші кварталдағысына қол жеткіздік.

Бұған да сондай дүниелер алып есеп беруің тиіс.

Әйтпесе, мемлекет берген ақшасын кері қайтарып алады.

Кеше жұмыспен қамту орталығына барып қызметкерімен кеңестім .

"Қыркүйектің 2-сІ күні заң шыққанмыс. Сонда атаулы әлеумттік көмек алғандар әр квартал сайын, ақшаны қайда жаратқаны туралы есеп береді. Алған малыңа орай, табыс көзі есептеліп , келесі кварталда

алуға тиіс ақың қысқарып отырады- дейді.

Табыс көзінен асып кетсе, бермей қоюуы да ғажап емес.

Қайтіп, қалай есптеледі дегенімде мына кіттәй қағазды қолыма ұстатты.

Үш айға бір сиырға сиырға- 80 мыңнан жоғары, бұқаға- 60 мыңға жуық табыс есептейді~ деді.

Қағазда көрсетілген соманы қай жерден алғанын білмеймін , өз басым көктен, екінші қыркүйектегі заңнан, заң тармағынан іздеп таппадым.

Мүмкін мен ұйықтап жатқанда осындай заң шығып кетті ме екен кім білсін?

Егер де жұмыспен қамту бөлімінің берген мына мәліметі рас болса, онда келесі кварталда алатын 21 мың теңге көлеміндегі қаржыдан үмтіңді үзе бер деген сөз.



Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1479    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 10:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31