Сен тұр - мен айтайын!

Мен сізге 10 мың берейін, жатыңыз үстіңізге аяғымды сүртейін

  • Мен сізге 10 мың берейін, жатыңыз үстіңізге аяғымды сүртейін

    Мен сізге 10 мың берейін, жатыңыз үстіңізге аяғымды сүртейін

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін "Тілсақшы" жобасы "Жетісу" арнасынан шыға бастаған кезде Айман деген қарындасымыз жүргізіп еді. Бір күні өңі қуарып кіріп келді: "Аға, бір кісі сотқа беремін, сендер ұлтараздық тудырып, елді бүлдіргелі жүрсіңдер! - деп әбден ұрысты. Қыр-соңымыздан қалмай осында қуып келді"- дейді.

- Заң бұзып па?

- Офисінің іші түгілі сыртына дейін тек орысша.

-Қайда?

-Сізге кірем деп қабылдау бөлмесінде тұр... Қорқып кеттік.

Қабылдау бөлмесіне шықсам еңгезердей славян түтігіп тұр екен.

- Что за нацизм, шовинизм, т.б, - деп алып барады. Ау, көке; сіз заң бұзыпсыз дегеніме пысқырмайды. Мен бизнесменмін, бәрі таниды, анаған айтам, мынаған айтам, әкеңді танытамға біраз шыдадым. Бір уақытта: Орысша жазуға хақым бар, салық төлеп осы елді асырап отырмын дегені. Қалтама қолымды салып: Мен сізге 10 мың берейін, жатыңыз үстіңізге аяғымды сүртейін, - дедім. -Немене? - деді ежірейіп.

- Сен өзіңе ақша табуға мүмкіндік берген халықтың тілін қорлап аяғыңды сүртіп отырсың. Мәселе ақшада болса мә, ал, мен саған аяғымды сүртемін, - дедім тағы. Екеуміздің түріміз қатты бұзылса керек Айман мен хатшы қыз үрпиісіп қалыпты. Ақыры шалт бұрылды: Ассамблеяға, әкімге айтамын, сен нацист көресің әлі деп кетті. Одан кейін "Сендерге Украинадағының кері келеді" деген тағы біреумен қырқыстық. Қоңырау болды, прокуратура да келді, Бейсекең, Досекең үшеуміздің сөзіміз бір жерден шығып, тексеруші мен шағымданушының мысы басылды.

Қысқасы, бар хабар эфирден кедергісіз өтті, әлгі екеуі де, басқалары да офисіне қазақша жазды. Мұндайды айта бермеуші едім "Жетісуда" "Экорейд" деген хабар шыққалы жатыр, салақ аудандарды шырқыратады, желіге тіркеліп жатқан атқамінерлер біле жүрсін. Таныс-тамыр іздеп, телефон безілдеткенше қоршаған ортаға дұрыс қараңыздар, сонда журналистермен тату-тәтті боласыздар.)


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2890    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.04.2019, 15:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31