Сен тұр - мен айтайын!

МЕНІ ТЫҢДАМАСАҢ ДА, АБАЙДЫ ТЫҢДА!

  • МЕНІ ТЫҢДАМАСАҢ ДА, АБАЙДЫ ТЫҢДА!

    МЕНІ ТЫҢДАМАСАҢ ДА, АБАЙДЫ ТЫҢДА!

МЕНІ ТЫҢДАМАСАҢ ДА, АБАЙДЫ ТЫҢДА!


«АЛТЫН АРТҚАН ЕСЕК» НЕМЕСЕ РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА "ҒАШЫҚТЫҒЫ"


Абайдың осыдан 130 жыл бұрын 1889 - жылы жазылған "Есек" - деген сатиралық өлеңін оқып, мынандай ойға қалдым.

Ол ой - Қазақстанға қазіргі кезеңде Ресей мен Қытайдың ерекше "құрметі" мен "ғашықтығы" туралы.

Абай сатирасында керуендегі алтын артқан Есекке деген, керуеншілердің ерекше құрметін:

Алтын артқан бір есек,

Соларменен келеді.

Ол жай жүрсе, жұртта жай,

Ол желсе. жұрт желеді.

Ортаға алып әлгіні,

Бәрі бірдей сыйлайды.

Бірі сүйіп құлақтан,

Бірі жүнін сипайды. - деп суреттейді.

Тіпті есекке "Жапарқұл мырза" деген атақ береді! Ақымақ есек бұл құрметті, үстіндегі алтынның арқасы екенін сезбей, "өз ойында көк есек, өзгеше тудым" - деп есіріп, "аттыны теуіп, адамды тістеп" құтырады. Арқасындағы алтыны тұрғанда есектің "еркелігінің" бәрін керуеншілер көтереді. Содан керуен сауда жасайтын қалаға келіп, есекке артқан алтынды алады:

Алтынды бір күн бай алды,

Есектен жұртта түңілді.

"Жапарқұл" аты жоғалып,

Боқ тасуға жегілді. - дей келе сатирик Абай өлеңін түйіндейді:

Қарасаңшы бойыңа,

Ұзын құлақ қалпың - ғой.

Жұрт ергені соңыңа,

Үстіңдегі алтын - ғой.


Ойлап қарасаң біздің Қазақстан Ресейге де, Қытайға да орта Азиядағы қатардағы жай бір мемлекет есебінде.

Бірақ, екі "алып" бізге қызығады. Екеуі бірінен - бірі бізді қызғанады. Біз оған мақтанамыз, өзімізді керемет санап, кеуде қағамыз.

Ал, шындыққа келсек мәселе мүлде басқаша. Аю да, Айдаһар да бізді, Абайдың "Алтын артқан есегіндей" "құрметтейді". Оларға керегі 18 миллион ғана халқы бар Қазақстан емес, оларға керегі, Қазақстанның қазба байлығы - алтын, уран, мұнай, газ, түсті метал т.б. керек.

Бәрінен де оларға керегі - орта Азияның қақ төріне орналасқан, жағарафиялық, стратегиялық жағынан өте қолайлы, Алтайдан - Оралға дейінгі алқапты алып жатқан дархан даламыз керек!

Сол далаға өздерінің заманауи қаруларын орналастырып, бір - біріне сес көрсетіп, әлемге үстемдік ету. Олардың бізге ерекше "ғашық" болып, Елбасымызды кезек - кезек таласа шақырып, ерекше "құрмет" көрсетіп, бар "жақсылықты" басымызға орнатып, "жетілген капитализмге" жетуімізге "қамқоршы" болуға уәде берулерінің басты сыры осы!

Сондықтан да біз тағдырдың берген сыйы, Ата - бабамыздың қанымен қорғап қалдырған мұрасы - кең байтақ жерімізді, оның асты - үстіндегі қазба байлығын, көзіміздің қарашығындай, кеудеміздегі жанымыздай қорғауымыз керек!

Бабадан қалған осы мұрадан айрылсақ, Абайдың "алтын артқан есегіндей", жоғарыда аталған "екі алыптың" біруіне құл боламыз! Ертеңгі ұрпағымызға не қалдырамыз?

Ойлан қазақ! Мені тыңдамасаң да, АБАЙДЫ ТЫҢДА!


Аймуханбет Бейсембеков,

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 771    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 01:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31