Сен тұр - мен айтайын!

"Менде сенен басқа ешкім болған жоқ" деп қояды сезімге беріліп... Тіпті жиіркенішті!..

  • "Менде сенен басқа ешкім болған жоқ" деп қояды сезімге беріліп... Тіпті жиіркенішті!..

Біз кейде еліміздегі мәртебелі Мемлекеттік сыйлық лайықты қаламгерге берілмеді деп шулап жатамыз. Бұндай әділетсіздік бізде ғана емес, барлық жерде бар. Тіпті әлемдегі ең мәртебелі "Нобель" мен "Оскар" сыйлығында да осындай керенаулықтар орын алып жатады. Берем деген адамдарына бере салатын секілді. Оған мысалдар жеткілікті. Мәселен, мына "Лунный свет" фильміне не үшін берді екен? Мен бұны "Оскар" сыйлығына лайық дүние деп айта алмаймын. Бұндай ортақол фильмдер әлемде жетіп артылады. Жамау-жамау. Өзінше бірдеңе айтқысы келген. Жеткізе алмаған. Жәй әшейін ғана фильм. Тек еркектің еркекпен сүйісуі мен он жылдан кейін сол түрлері де қара, жүздері де қара көгілдірлердің бірін-бірі іздеп тауып, қайта табысқанын көрсеткені үшін берген сияқты, атаңа нәлеттер. Еркек бастарымен бірін-бірі еркелетіп, құшақтап, бастарынан сипап қояды жартыбастар. Біреуі: "Менде сенен басқа ешкім болған жоқ" деп қояды сезімге беріліп... Тіпті жиіркенішті!.. Осындай тексіздікті насихаттағаны үшін де беруі бек мүмкін... Өйткені, Америкада, жалпы Батыста сондай тексіздікті қолдайтындар өте көп қой!
"Нобель" сыйлығын алғандардың ішінде де бұл мәртебелі сыйлыққа мүлде лайық еместері де жетерлік! Тіпті шығармашылығы түгіл, аты-жөндерін ешкім білмейтіндер бар. Ал "Нобельді" алмаған ұлы қаламгерлер де жеткілікті. Соған қарағанда "Нобель" сыйлығын берем десе, Джозуэ Кардуччи сияқты шығармашылығы түгіл, есімін ешкім білмейтін қаламгерлерге де бере салады, ал бермеймін десе, Толстой болсаң да бермейтін тәрізді. Меніңше, Айтматов та алуы керек еді. Мен Айтматовты да бұл сыйлыққа лайықты деп санаймын. Бірақ қырғызға беруші ме еді?! Ал еврей болсаң, міндетті түрде басымдық беріледі. Саясат... Ал сіз қалай ойлайсыз?

Думан Рамазан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4274    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.10.2020, 23:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31