Сен тұр - мен айтайын!

Менеджер келесі жолы қазақшасын дайындап қоямыз деді

  • Менеджер келесі жолы қазақшасын дайындап қоямыз деді

    Менеджер келесі жолы қазақшасын дайындап қоямыз деді

Бүгін банкке бардым, менеджер қазақ бала арыз жазуымды өтінді. Бірақ орысша екен. Жаза алмаймын деп едім, “біз екі банк бірігіп жатыр едік, құжаттар ретке келмеді”, деп ашығын айтты. Маған орысша мәтінді а - сын А, о -сын О қылып ежіктеп отырды сосын. Біліп тұрсам да қырсығып жайырақ жаздым, қайта- қайта сұрадым. “Диктант жазғандай болдым ғой, құрсын” деп арыз соңын әзілге айналдырдым. Менеджер келесі жолы қазақшасын дайындап қоямыз деді. Мен оны тексеретін болдым. Бары осы.
***
Заправкаға барғанда “Кассирдің жұмысын бағалаңыз” деп екі тілде ақпарат тұрады. Қазақшасын таңдап, 10 деген баға қойып кетем. Мониторинг жүргізгенде “қазақтілді қазақтар адам еңбегін бағалайды екен” деп ойлап қалсын деген таза қазақи ой жатады.
***
2001 жылы Өскемендегі ШҚМУ ға оқуға түстім. Журналистика факультеті. Бала аз деп, қазақ мектебін бітірген 5 баланы орыс тобына қосты. Менің 5 жыл қалада оқығаным бар, мамамның орыс тілі пәнінің мұғалім болғаны бар, мен тілден аса қорлық көрмедім. Білгенін айта алмай отырған балаларды аядым. Бір мұғалімнің бізді төмен санаған көзқарасы ұнамай қалды. Үш бет арыз жаздым университет ректорына. Ол арызды облыстық газеттің редакторы болған Айтмұхамбет Қасымовқа тексертіп алдым. (Оқушы кезімнен облыстық газеттің штаттан тыс тілшісі болғанымды пайдаландым) Айтан ағам “қатты кеткен” жерлерді жұмсартып, ресми реңк кіргізді. Хаттың мәтіні шамамен былай: “Егер қазақша топ ашпасаңыздар, мен республикалық басылымдарға үндеу жариялаймын”. (Сеніп тұрғаным “Жас Алаш” қой сонда). Арызды апардым, ертеңіне бес студентті қазақ тобы қылып бөлек шығарып жіберді. Есесіне қазір журналистикаға қазақ балалар көп келіп жатыр.
***
Тіл туралы көп айтып кеттік қой, басымнан өткенді, өтіп жатқан ситуациялар осы. Ұстазым Қанипа Бітібаева “үндемей жүріп, жеңіп шығудың жолын ойлау керек” дейтін еді. Тіл жанашыры болу деген - айқайлап пост салу емес, маған мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеді деп, сол адамды фото-видеоға түсіріп желіге жүктеу емес. Мәдениетті, сауатты түрде талап ету.




Көрілген: 1463    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 02:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30