Сен тұр - мен айтайын!

Менің балаларым ол күнді көрмес, немерелерім сондай мектепте оқыса, шіркін?!

  • Менің балаларым ол күнді көрмес, немерелерім сондай мектепте оқыса, шіркін?!

    Менің балаларым ол күнді көрмес, немерелерім сондай мектепте оқыса, шіркін?!

Еңбек сабағы


Манағы "Кәсіп пен нәсіп" деген мақаланы оқыған соң қай-қайдағы есіме түсіп...
Қызым 5 оқып жүрген кез. Орбитада тұрып жатқанбыз. Дариға Юноткаға барады екен деп бір үйірмеге құрбысымен бірге барғысы келді. Барам деп ынта білдірсе, қуанасың ғой. Жақын жер, "қайда екенін білем, өзім барып келем" деді. Онысына тағы қуанып. Бір қызығы тегін үйірме боп шықты. Тегін деген соң тағы да сылдыр бірдеңе ме деп ойлап жүрдім. Бір тоқсан үзбей қатысты. Кесте тігу, түрлі ою оюды, оны арнайы материалға тігуді, жапсыруды, аппликациясы бар сөмке тігуді, түйме тігуді, ілгекпен тоқуды үйретіп-ақ тастағаны. Менің жұмысым керек-жарағын түгендеу. Барған сайын келесі жолы әжетке жарататын материалдарының тізімін әкеледі. Екі айда талай дүние үйренді. Бірде бір еңбек сабағының мұғалімі мұндай тапсырма берген емес. Келесі тоқсанда көшіп, мектеп ауыстырдық. Юноткамыздан айырылып қалдық. Алыс. Бірақ сол үйірмеге әлі күнге дейін ризамын. Мұндай ынталы мұғалімдер сирек. Жас апай болатын. Бақытты болсын! Баламен жұмыс жасады. Балаға үйретті. Шын ниетімен үйретті, баланың ықыласын оятты. Соның бәрін еңбек сабағында үйренуі керек еді. Біздің кезде еңбек кабинетінде кілем тоқитын шилер тұратын. Музейный экспонат болып. Еңбек сабағында үнемі не мұғалімсіз отырамыз, не болмашы кестені місе тұтатынбыз. Сабақ емес сияқты. Негізі ең керек сабақ сол еңбек пәні ғой. Ұлдарға да, қыздарға да маңызды. Әлі де өз үдесінен шығып жатқан жоқ. Бір сыныпта он бес қыз болса, он бес тігін мәшинесін алып қоюға болады. Сол қыздарға стандартпен құрақ көрпені, жамылатын көрпені тігуді үйретсе, ата-аналардың өздері-ақ сатып алар еді. Тоғыз айлық еңбекті мамырда көрме қылса, тұтынатын, жарамды бұйым жасаса, несі жаман? Бизнес негіздерін үйретіп жүрген басқа пән мұғалімдері демалар еді, өз пәндеріне оралып... Жыл сайын бір класс бір саланы меңгеріп шықса, бес-алты жылда ұлттық қолөнерді біліп, танып өсер еді ғой. Жаны ашитын мамандарды тартса, еңбек пәнінің бағдарламасын еңбекке жақындатса... Бұл да арман ба? Ұлдарға да солай, қызық кәсіп көп қой. Қыш құмыра жасау, ағаш ою, ағаштан ыдыс жасату, ұсталық болсын, басқа да қолөнер түрі болсын көзбен көріп, қолмен істегеннен артығы жоқ.

Мен ән сабағын күй сабағы етіп өзгерткім келеді. Бастауышта ән болса да, одан кейін күй класы болса. Әр қазақ домбыра мен күйді жанына серік етіп өссе, тамырына жақын боп өсер еді. Менің балаларым ол күнді көрмес, немерелерім сондай мектепте оқыса, шіркін?! Өсіп-өркендейтін шығармыз бір күні?

Shynar Ábilda
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 974    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 16:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30