Сен тұр - мен айтайын!

"Менің балам" дегенінен-ақ ол әйелді аяп кеттім

  • "Менің балам" дегенінен-ақ ол әйелді аяп кеттім

9 шы сынып оқитын біздің Алтынайдың ватсап чатын қарап шыққанбыз. Ата-аналар группасын. Әділжан деген кластасының мамасы ватсапты толтырып тастапты. Не жағдай болды екен деп аудиозапистің бәрін тыңдап шықсақ, ,, менің балам, менің балам,, деп баласының бүкіл тыныс- тіршілігін жыр қылып айтып шығыпты. Арасында бала тәрбиесі туралы көл- көсір ақыл айтқаны бар. Алтынай сабақтан келген соң, ,, Әділжан деген кластасың кім, қандай бала? " деп сұрасам, ,, үйінің жалғыз ұлы, әкесі жоқтығын, музыкалық аспапта ойнайтынын, үйірмеге, бассейнге баратынын,, жіпке тізіп шыққан. Анасы да бір аудиозаписте,, Менің баламның бос уақыты жоқ. Менің балам жарыстарға, конкурстарға барады. Оған дайындықтың өзі оңай емес. Менің балам,, дегенінен ақ, ол әйелді аяп кеттім шыны керек. Чаттағы басқа ата аналар ләм мим демейді.,, Әй Пәленше, жалғыз сенде ғана бала бар ма, отырмыз ғой пәлен бала өсіріп бағып, ештеңе демей ақ, қойшы сөзді көбейте бермей,, деуге де болар еді, бірақ ана әйелді мен сияқты аяп отырған болар.
,, Жалғыз ұлы бардың шығар шықпас жаны бар,, деген. Ондай әйелдер жалғызынан басқа сүйенері, үміттенер басқа ешкімі жоқ, жалғызын жаны шыққанша қорғаштап, үстінен шыбын ұшырмай өсіретіні анық. Сол жалғызы өзі ойлағандай айтулы тұлға болып жетіліп шықса жақсы ғой. Жалғызынан басқа ешкімі жоқ әйелдерді көрсем, ,, Құдай сол жалғызына ғұмыр бер, бәле жаладан қорғай көр,, деп тілейсің. Ондай аналардың өмірі, бақыты, үміті, келешегі, бәрі бәрі сол жалғызында.

facebook.com




Көрілген: 2112    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 15:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31