"Менің балам..." деп, ортақ тәртіпке бағынбайтын ата-ананы құқығынан айыру керек

12 мамыр 2022, 09:22

Сәбидің бағына Сәбит кездесті!
"Періштесі бар"...
Дәлелді көптеп келтіруге болады.
Соның бірі мынау:
Сәбит асфальт баласы емес. Ол қазақтың еңбекпен шыңдалған шымыр баласы. Тренажердың да нәтижесі емес, таза еңбектің нәтижесі.
Ниетке мүмкіндік сәйкес келе қалғаны ғажап!
Қазір әлжуаз, сөмкесін ата-анасы көтеріп жүретін ұрпақ келе жатыр. Ойлауға да қорқынышты.
Кешегі Сәбиттің ширақ қимылына қарап түйген ойым ғой.
Біреудің баласын құтқармақ түгілі өз денесін бағындыра алмайтын адамдар қаншама?!
Егер мектепте еңбекке баулымасақ, не болады сонда?!
Ата-ананың жетегінде кетпей, тәрбиені түзетуіміз керек. "Путинге айтып қояды" деп қорықпай, баланың болашағы үшін ата-анамен күресуімізге тура келеді! Көптеген ата-ана бала тәрбиесінің қыр-сырын біле бермейді. Баласының проблеманы өзі шешуіне мүмкіндік бермей, алдына түсіп алып, бульдозер құсап тазартып отырады.
Мектептегі тәрбие дұрыс болу үшін "Баланың құқығын қорғау" заңы дұрыс жұмыс істеу керек.
Қазір бір-ақ заң, ата-ананың сөзі ғана жұмыс істейді.
Баланың дұрыс білім алу, дұрыс тәрбие алу құқықтарына кедергі келтіріп, баланың айтқанымен жүретін, "менің балам..." деп, ортақ тәртіпке бағынбайтын ата-ананы құқығынан айыру керек. Ол халықаралық конвенцияларда анық көрсетілген. Бала туғандікі емес, баққандікі!

Жанат Қажығали

Фейсбуктегі парақшасынан