Сен тұр - мен айтайын!

Менің көріксіз қытай әйелім...

  • Менің көріксіз қытай әйелім...

    Менің көріксіз қытай әйелім...

Көп адамдар менен шексіз байлық иесі бола тұра неге қытайлық әрі әдемі емес (олардың ойынша) қалыңдық таңдағанымды сұрайды. Мен (олардың ойынша) кәзіргі әйелім Присилла Чаннан да "артық" әйелмен үйлене алады екенмін.

Ең алдымен бұл сұраққа жауап бермес бұрын сұлу әйел деген қандай және сұлу емес әйелдің қандай болатынын талқылағым келеді.

Шындығында, менің әдемі әйелдермен кездесу мүмкіндігім көп, олардың көбісі менің жарым болғысы келеді. Алайда, "сұлу" әйелдердің көбісінің жүрегі шағылып қалатын әйнек тәрізді.

Егер сен ханның қызындай тәкаппар ашушаң болып аурып тұрсаң оның сенімен шаруасы жоқ брақ бай бола тұра неге машинаңды ауыстырмайсың деп сұраумен болады.

Олар менің жарым болғылары келуінің мақсаты тік ұшақтарыммен мақтану. Одан кейнгі кезекте олардың байдың әйелі ретінде талаптары бітпейді.
Әйелдің көркі қанша сұлу болғанмен жүрегі тойымсыз болса ниеті арам болса бәрібір ұсқынсыз көрінеді.
Осындай әйелге көріксіз делінеді және оны тегін берсе де алмаймын.

Тән сұлулығы уақыт өте келе азаяды,
Жан сұлулығының уақыт өткен сайын құндылығы артады деген Қытайдын нақыл сөзі бар. Сондықтан мен құндылығын тез жоғалтатын нәрселермен байланыс құрудан сақтануға тырысамын.

Олардың көп сұрайтын тағы бір сұрағы мен жарымның Присилла Чанның несін унатқанымдығы.
"Адамның бет бейнесі оның жүрегінің айнасы" делінеді. Оның күлімсіреу мені әрқашан шаттандырады.
Присилла жүктілігіне байланысты бетіне пайда болған өзгерістерге мүлдем мән берместен қарапайым киініп сәнденбей жүре берді. Оның қуанышын мен толық сезінгендей басқаларға да белгілі еді.

Маған оның қарапайымдылығы ұнайды.

Маған оның бейнесі ұнайды.

Присилла ынтызар, ақылды, мейрімді батыл, көшбасшы әрі басқаларға қолдау білдіре алатын әйел.
Мен онымен бірге өткізген әр сәтімді жақсы көрем. Оның жанында өзімді жайлы әрі тыныш сезінемін.

Присилла мені пайдаланып жүр не менің атағымды қолданып жүр деп ойламаймын. оның жоғары интеллектуалды ақыл ойының болуымен қатар, жоғары эмоциялық қабілеттілікке де ие. Присилла Харвард медицина университетінің түлегі екенін ұмытпаңыздар.
Сіз заң, медицина, экономика саласында университетке қабылдау сынағына тапсырып көріңіз. Тіпті қабылдау сынақтан өткен күннің өзінде ол сіздің сәтті бітіріп кетуіңізге дәлел болмайды.

Сондықтан егер бұл жерде біреудің мақтануы керек болса менің басқа нәрсемен емес Присилламен мақтанғаным дұрыс.
"үйлену аяқ киім тәрізді оны аяққа жайлы ма жоқ ба дегенді тек киуші адам ғана айта алады". Присилла маған ең ыңғайлысы және ол жер бетіндегі ең тамаша жұп деп.
Мен Присмлламен әжетханада кезек күтіп тұрғанда танысқанмын. Оның көзіне мен жай ғана бір тұйық жігіт болып көріндім. Сол сәтте ол менің жан жарым болады деп шештім.
Сен үшін ол көріксіз шығар брақ мен үшін ол ең сұлу және маған ең лайық жан.
Присилламен бақытты тұрған сүреттерімізді көрсетіп мақтанудан бас тартпаймын. Сүретте Присилла екеміздің табиғы тұрысымызбек бақытты сәтімізден естелік.

СҰЛУЛЫҚ ОЛ ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ

Марк Цукерберг (Фейсбуктің құрушысы)

Аударған: Рахат Ботагөз (Rahat Botagoz)
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2959    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 11:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30