Сен тұр - мен айтайын!

Менің сөзім шымбайына батқан қарындастарым тезірек байға шығып, бағы ашылсын...

  • Менің сөзім шымбайына батқан қарындастарым тезірек байға шығып, бағы ашылсын...

    Менің сөзім шымбайына батқан қарындастарым тезірек байға шығып, бағы ашылсын...

"Бізді маркерге теңеді" деп мәселенің байыбына бармай шулап жатқан қарындастарыма айтарым - сабыр етіңіздер. Мәселе былай болған: Тараздағы НИМ (НИШ) болған кездесуде "Ердің мұраты - елге қызмет ету, ал қыздың мұраты - кету, яғни, тұрмысқа шығып, еріне қызмет ету, көмекші болу деген қазақы дүниетанымның қағидасы көпшіліктің назарына ұсынылды. Бұл қағиданы қазақша оқыған контингент қиындықсыз қабылдады, ал орысша оқыған қыздар "Неге тікелей елге қызмет ете алмаймыз?" деп өре түрегеліп, қабылдамай қойды.
Бұл жерде менің жеке басымда тұрған ештеңе жоқ, бұл жерде екі дүниетаным - қазақы дүниетаным мен батыстық дүниетанымның шарпысуы болды. Батыс либералды ұстанымы бойынша - қыз бала өзі шешеді: тұрмысқа шыға ма, шықпай ма, шыққан күннің өзінде бала туа ма, тумай ма - бәрін өзі біледі.
Ал қазақ дүниетанымы ең бірінші адамның жаратылыс мақсатына (мұрат) сүйенеді. Тіпті Бұқар жырау: " Баласы жоқ қатыннан, лақтаған ешкі артық" дейді. Ешкі болса да Құдай жаратқан мақсатына сай болып тұр деген ойды аңғарамыз. Осы ойды тәптіштеп түсіндіру үшін кездесуде мен мысал ретінде "маркер" деген сөзді қолдандым. Әр нәрсенің аты бар да заты бар, егер маркер жазбай қалса, "әй, мынаның атына заты сай емес қой деп лақтырып жібереміз" дедім. Сол сықылды (аналогия) қыз бала да атына заты сай болуы керек, Алла тағала сені әйел заты ғып жаратқан соң тұрмысқа шығуға, бала сүюге, ана бақытын сезінуге тиіссің деген ой айттым. Ал енді менің ойымды, сөзімді бұрмалап, қызды маркерге теңеді деп елді дүрліктіріп жатқандарға Алла тура жол берсін. Менің сөзім себепкер боп, бір қазақтың қызы мұратына жетіп жатса, бұдан өзге бақыттың маған керегі жоқ.
Р.S. Менің сөзім шымбайына батқан қарындастарым өкпе-араздықты доғарып, тезірек байға шығып, бағы ашылсын деп шын жүректен тілеймін!

Omar Jaleluly
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 837    Пікірлер: 0

жұма, 06.03.2020, 10:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31