Сен тұр - мен айтайын!

Менің тілімнен қолдарыңды тартыңдар!

  • Менің тілімнен қолдарыңды тартыңдар!

    Менің тілімнен қолдарыңды тартыңдар!

Басты мәселе - қолында билік бар ағайындардың өзі орыс тілінде ойлап, қазақ тілінде ойлайтын біз үшін (бұқара үшін) шешім қабылдайтынында. Ақорда-көкорданы көргенбіз, ол жерде шешім қалай қабылданатыны да көз алдымызда.

Күні кеше "Казправдаға" берген сұқбатында бұрынғы БҒМ Ерлан Сағадиев "жүйе" деген сөздің "система" ұғымына лайық емесін бір айтты. Оны қойшы. Алматының ауасын жұтып, оның шекарасынан сыртқары жерде ауыл барын онша сезінбеген/сезінбейтін/сезіне алмайтын шенеунік "жекешелендіру" сөзінің де "сорлы" екенін, негізінде қазақша "приваттау" болуы тиіс екенін мәлімдеп, аспандағы айды жерге түсіріп, көкке қайта шығарды.

Олар осы әрекеті арқылы қазақ қауымының, бүкіл өмірін қазақы тіршілікпен қабыстырып, "болашақты қазақ тілінде құрамыз, қазақ тілінің онсыз да ұшан-теңіз мүмкіндігін молайтамыз" деп жүрген біздің намысымызға тигенін біле ме? Әлде қазақша оқығандардың бәрі бас шұлғи беретін топас па?

"Мұрағат", "мұражай" сөздерінің ақшаңқан ордада желкесі қалай қиылғанына өзім куә. Енді "ұшақ", "азатжол", "әлеуетке" пышақ ұрылуы мүмкін дейді.

Менің тілімнен қолдарыңды тартыңдар! Сендерге қажет болмаса, бесінші сыныпты бітірген, азатжолдан бастап жазатын, ұшаққа мініп, кеңістікті шарлауды армандайтын, қазақы әлеуеті өте зор, заманауи ойлай алатын ұлыма, қазағыма керек!

Министр Райымқұлова мысал ретінде айтса да, Қазақстанда мемлекет құраушы біздің көңілімізге қарайлап айтқаны жөн. Елміз, жұртпыз, бармыз, жоқ емеспіз.


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 2155    Пікірлер: 0

сенбі, 22.06.2019, 21:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31