Сен тұр - мен айтайын!

Миллиондап қырғынға ұшыраған ата-бабамыз алдындағы ұрпақ аманаты болар еді!

  • Миллиондап қырғынға ұшыраған ата-бабамыз алдындағы ұрпақ аманаты болар еді!

    Миллиондап қырғынға ұшыраған ата-бабамыз алдындағы ұрпақ аманаты болар еді!

Ашаршылық ақиқаты!
Мамыр айының отыз бірі күні Саяси қырғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Дегенмен, менің ойымша бұл датаны екіге бөліп, Саяси қырғын-сүргін құрбандарына жеке күн арнап, Ашаршылық құрбандарына бөлек күн белгілеу қажет.
Өкінішке орай, Ашаршылықты өз көздерімен көрген кісілердің саны күн сайын азайып бара жатыр. Сондықтан, Ашаршылық құрбандарының ұрпақтары – біздер мүмкіндігінше ата-әжелеріміздің, әке-шешелеріміздің өз аузынан бұрынғы оқиғаларды жазып алып, таратуымыз қажет деп санаймын.

Сол үшін саны көп, сапасы жоқ челлендждердің орнына «Ашаршылық ақиқаты» не «Атамның (әжемнің) ашаршылық туралы естеліктері» деген тақырыппен әркім Ашаршылықты өз көзімен көрген ата-бабасының әңгімесін қағаз бетіне түсіріп, өз парақшасына салып отырса жеткілікті емес пе?!
Сонда, бұл біздің ең болмағанда миллиондап қырғынға ұшыраған ата-бабамыз алдындағы ұрпақ аманаты болар еді!
Және бұл қолдан жасалған геноцидті ұмытпауымыз үшін керек.
Өз тарапымнан мен ай соңына дейін Ашаршылық туралы материалдар салып тұруға міндеттенемін!

Amandiq Amirkhamzin
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 14:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31