Министрдің қолы бос емес
Әлеуметтік желіде:
- Мә, мына видеоны көрші. Күлкіден өлесің...
- А, мұны көріп алғам. Сен одан да мынаны көр. Құлайсың тура...
- Айтпақшы, өткендегі қыз не болды?
Телефонда:
- Министр мырза, сізге адамдар келіп тұр!
- Тоса тұрсын. Қолым тимей жатыр.
Әлеуметтік желіде:
- Менің қабылдауымда бүгін 200 адам тұр екен. Осы аптадағы рекорд!
- Қазір мен де білейінші...
Телефонда:
- Тася, бүгін қабылдауда қанша адам тұр?
- Апта басынан бері қабылдауға жазылғаны 500-ден асып кетті. Қазір 100-дей адам тұр. Не істейін?
- Бүгін қолы тимей жатыр де!
- Қол қойылмаған құжаттар да жиналып қалды, министр мырза...
- Тұра тұрсын, өзім айтам!
Әлеуметтік желіде:
- Менде апта басынан бері тіркелген адам саны мыңға таяп қалыпты. Осы жолы оздым мен сенен. Ха-ха-ха!
- Қойшы, ары кетсе 500 шығар... Қосып жіберетінің бар еді ғой.
- Ой, өзің қоспайтындай... Ана депутат досың жазып жатыр.
- Не дейді?
- Түскі астың қамы ғой баяғы...
- Қайда барсақ болады?
- Өткендегідей түйеқұстың сорпасын ішпейміз бе?
- Сол күні қанша бердіңдер? Кім төледі өзі?
- Ана тендер ала алмай жүрген жігіт келіп төлеп кетті. Үшеумізге 300 мың кетті ғой.
- Бүгін біреу бар ма? Өз қалтамыздан шыға ма?
- Жоға. Біздің МАИ басшысы тиын әкеп тастайды!..
- Е, онда жөн екен. Мә, интернетте отырсаң, уақыттың қалай өтіп кеткенін білмей қаласың ә?..
- Осы ғой менің де ермегім. Кеттік, шығайық. Айтпақшы, жақсы видеолар болса жіберіп тұр...
Қанағат Әбілқайыр
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы