Миығымнан жымидым "өзіміздің орыстар екен ғой" деп

01 қазан 2022, 13:46

Инстаграмда бір орыс жігіттің қазақша видеосы жүр ғой "өзіміздің орыстар екен ғой" деген. Сол айтпақшы кеше түсте түскі ас ішуге бардым анда-санда барып жүретін жерге. Ылғи қазақ апайлар жұмыс істейтін ол жерде. Кассаға келсем орыс әйел тұр. Ішімнен "қашып келгендер емес пе?" деп ойлап үлгердім. Есеп айырысып болған соң, менен кейін тұрған қазақ жігіт жақындады да "здравстуйте" деді, ал кассадағы апайкамыз "Симбааат привет, как дела, мама как?" деп төпелетіп жатыр екен. Миығымнан жымидым "өзіміздің орыстар екен ғой" деп))).

Фейсбуктегі парақшасынан