Сен тұр - мен айтайын!

Мінекей, аяқ салған соң әйелдер бала табады

  • Мінекей, аяқ салған соң әйелдер бала табады

    Мінекей, аяқ салған соң әйелдер бала табады

АЯҚ САЛУҒА ДА АБАЙЛАҒАН АБЗАЛ!

 

Теледидардан репортаж жүргізгенде зуылдап сөйлеу міндет пе екен? Айтпақ дүниеңді түсініп алып, соны байыппен жеткізу міндет емес пе екен?!

 

Жас журналистер қолына микрофон алып зуылдай жөнелгенде, тап қазір өзім бірдеңе бүлдіретіндей тақымымды қыса бастаймын.

 

Өткенде жаңалықтарды қарап отырсам, бір қыз бала "мына жерге аяғымды салып тұрып" деп ауыл шаруашылығы мәселесін төпелеп жатыр. Отырған орнымнан құлап түсе жаздадым.

 

О заманда бұ заман, қазақ "аяқ салу" деп бір ғана дүниені, бір ғана "шаруашылықты" айтпаушы ма еді? Атам заманнан! Міне, "Алпамыс" қиссасынан үзінді келтірейін:

 

Көз жасы Байбөрінің бетін жуды,

"Көрмей-ақ өлем бе,- деп,-үйден дуды".

Сол кезде Құлтайдың аяқ салған,

Тезекші қара күңнен бір ұл туды.

 

Мінекей, көріп тұрсыздар, аяқ салған соң әйелдер бала табады. Осыны ұмытпаңыздар!

 

Аяқтарыңызды басқа шаруашылық жеріне салудан абай болыңыздаршы деп айтқым келген.

 

Қазақ баласын үйлендіруді "аяқтандыру" деп текке айтпайтын шығар?

 

 

 

Serik Zhanbolat

Фейсбукте парақшасынан




Көрілген: 4312    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31