Сен тұр - мен айтайын!

Мораль оқыған адамға емес, қыздарға қырындап жүрген адамға ұқсадыңыз...

  • Мораль оқыған адамға емес, қыздарға қырындап жүрген адамға ұқсадыңыз...

    Мораль оқыған адамға емес, қыздарға қырындап жүрген адамға ұқсадыңыз...

Әлгінде бір жиыннан шығып келе жатыр едім..

Бір кісі атымды атап сәлемдесті де, әй-шай жоқ

- Мен горононы бомбить етіп кеттім ғой - дейді...

- Бомбить еткені қалай? - дедім бұл кісіні қайдан көргенімді есіме түсіре алмай...

- Киіп алған көйлектерінің етегі "мына жерден" екен - дейді қара санын қолымен көлденең сызып.

Мемлекеттік мекемелерге барып жүріп, ондайды байқамаппыз..

Оның үстіне етегі қара сан түгілі, кіндікті ғана жауып тұрған көйлектерді де көргенбіз ғой - деп ойлап кетуге ыңғайландым..

Әлгі көкем қалар емес, еріп келеді. Сөйлеп келеді.

- Асханаға кіріп едім, бір қыз аяғын аяғына үйкей береді.. Мен биолог, зооинженермін ғой.. Ұрғашы малдың жағдайын жақсы білемін..

Осы кезде фейсбуктен көрген бір бейнеролик есіме сап етіп түсті..

- Әй, көке тоқтаңыз, сіз бе, горононың қыздарын телефонмен суретке түсіріп жатып, арасындағы сүйкімділеу біреуіне "Уси-пуси" деген?

- Иә, мен ғой.. Қысқа киюге болмайтыны туралы әбден мораль оқыдым.. Сен қайдан білесің оны?

- Интернеттен көрдім. Бірақ мораль оқыған адамға емес, қыздарға қырындап жүрген адамға ұқсадыңыз. Астында жазылып жатқан пікіршілердің ойы да солай..

- Қой-ей, оны кім интернетке салып жүр? Көрсетші..

- Өзіңіз тауып алыңыз.. Жарайды, мен асығыспын.

- Әй, Өмір жаңағы видеоны қайдан көре аламын?.. Еш болмаса, телефоныңды тастап кетші.. Кім салды екен-ей, интернетке?


***


Шымкентте миллион тұрғын болса да, бәріміз бір бірімізді танимыз)

Телефонды жөнді-жөнсіз шошаңдата бермеңдер)

"Против лома нет приема, если нет другого лома")

Ал қазір бәрінде "лом" бар)


Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1000    Пікірлер: 0

жұма, 24.05.2019, 10:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31