Мотивэйшн емес, шүкірлік жетіспейтін сияқты

26 қазан 2020, 00:45

Әлгі "мотивация" деген нәрсе бар емес пе еді. Соның ғұмыры делебең қозып, моторың қызып кеткенше екен ғой. 180 мен жан-жағыңды жайпап, басып келе жатасың да бензинің біткен шақта омақаса құлайсың.

Өзі шарқыш машинаңды қозғап көр одан кейін. Алыс жолға су жаңа хайландр мен бак толы бензинмен шығыңдар-ей. Болмаса демеп жіберер ДТ-ың болсын, әйтпесе батпаққа батып қалады екенсің.

Баяғыда бір мотиватордың семинарына қатысқам. Семинардан шыққан елдің көздері жайнап, тілдері сайрап кетті. "Мен әлемдегі ең баймын!" деді біреуі. "Мен ең мықтымын!" деп ешіріп жүрміз тағы біреуіміз.

3 күннен соң әлгі танымал коуч-мотиваторымыздың еккен  мотивацияның дозасы қайтты ма, салымымыз суға кетіп, автобуспен жалдап алған квартирамызға тайып тұрдық.

Қарын аш. Үй жадау. Ас таппай, доширак жеп отырып "әлемдегі ең бай адам" екенім есіме түсе қалды. Мен баймын ғой, 12 мүшемнің сау екеніне шүкір айтып жатырмын.

Маған мотивэйшн емес, шүкірлік жетіспейтін сияқты.

 

 

Гүлден Әбдібақыт

Фейсбуктегі парақшасынан