Сен тұр - мен айтайын!

Мүгедек бала бағып жатқан аналарға алтыннан ескерткіш қою керек екен

  • Мүгедек бала бағып жатқан аналарға алтыннан ескерткіш қою керек екен

    Мүгедек бала бағып жатқан аналарға алтыннан ескерткіш қою керек екен

Кішкентай жиенім үйге сыймай кетеді. Есік алдына, балалар алаңына велосипедімен алып шыққам. "Əткеншекке ұшам" деді. Велосипедіне бір кішкентай жалбыр шаш қыз кеп жабысты. Жиенім де эгоист. Əзірге отбасында жалғыз бала. "Айка, велосипедімді ұстап жатыр" деді өзі əткеншекте отырып.

"Ол қыз сөйлей алмайды" деді бір қыз. Велосипедке жабысып тұрған қызға сұқ саусағын шошайтып айтты. Кішкентай қыз түсініксіз дыбыс шығарады. "Отыр, айдай ғой" дедім. Ол отырса да, айдай алмады. Екі рет айналдырып, айдап келдім. Ауырып тұр едім. "Сауап қой" дедім ішімнен. Бір кейіпкерімнің айтатыны бар еді: "Құдай мен адамның арасында сауда болмауы тиіс". Бірақ сауапты саналы түрде істейміз, əйтеуір алдымыздан шығады дейміз. Себебі, мен бар болғаны пендемін. Қателесетін, қателік тəн пендемін.

Əдетте велосипедін ешкімге бергісі келмейтін жиенім ішкі түйсігімен түсінгендей үндемеді.

Кішкентай қыздың екі ағасы келіп, қарындасын велосипедпен айдап жүрді. Ол кезде жиенім əткеншекте отырған. Жиенім велосипедін айдағысы келгенде жалбыр шаш қыз бергісі келмеді. Велосипедтен түспей қойды. Ағасы "шошқа, түс" деп қолынан сілкіп, түсіргісі келіп еді. Қыз жылап, аяғын тепкіледі. Алдап əзер түсірдім.

Жиенім велосипедін сəл айдап, велосипедінен түсіп, басқа ойын ойнап кетті. Жалбыр шаш қыз келіп, тағы мініп алды. Үндемедім. Бала ғой, бала болғанда да денсаулығы жоқ бала. Əкесі терезеден басын шығарып, "түс, ананы түсір" деп баласына айқайлады. Бала "өздері айдай бер деді" десе де, əкесі ұрсып жатты. Намыстанды ғой деймін. "Сəл айдасын, бала ғой" дедім əкесіне. Қыз əкесінен аяқ тартады екен, үндемей велосипедтен түсті. Сəлден соң велосипедке қайта мінді.

Кішкентай жиенім "турникке мінем" деді. Əрине, үш жасар баланы белінен ұстап тұрасың ғой.

Қыз велосипедті тастай сап "мені де турникке мінгіз" дегенді ыммен айтты. Ағасының айтуынша, жасы бесте. Əжептəуір ауыр екен. Өз жиеніме ауырып тұрғанымды айттым. Ал мына сəбиге қалай түсіндіресің? Сосын іштей сауаптан құр қалатындай сезінеді екенсің. Құдайдан үлкен жақсылығына да ешқандай сауап күтпей іс жасайтын адамдарды жақсы көрем.

Үйге кіргенде кəдімгідей шаршағанымды сездім. Онсыз да ауырып, үш күннен бері мазам жоқ еді.

Кеше далаға шықсам, жалбыр шаш қыз жүгіріп келді. "Турникке мінгіз" деді ымдап. Мінгіздім. Мүгедек балаларға, жалпы мүгедек адамдарға кішкентай мейіріммен қарасаң, олар адамды бар жан-тəнімен жақсы көреді.

Анасының қолында кішкентай қыз баласы бар екен. Бесіншісіне жүкті секілді. Жалбыр шаш қызға жиеніммен қосып, екі-үш сағат қарағанға шаршап, шашылып қалдым. :)

Мүгедек бала бағып жатқан аналарға алтыннан ескерткіш қою керек екен.


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 946    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.08.2019, 09:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31