Сен тұр - мен айтайын!

Мұхамеджан, халық өзіңнен таразының басын тең ұстап әділетсіздікті де айтуыңды қалайды

  • Мұхамеджан, халық өзіңнен таразының басын тең ұстап әділетсіздікті де айтуыңды қалайды

    Мұхамеджан, халық өзіңнен таразының басын тең ұстап әділетсіздікті де айтуыңды қалайды

Мұхамеджан бауырымның ақталып жазған жазбасын оқыдым. Мені қате ақпаратқа алданудың нәтижесінде эмоциямен өзіне қарсы пікір жазыпты деген сыңайда әңгіме айтыпты. Оу, Мұхамеджан бауырым, сөздеріңе қарсы шығып, саған ренжіген мен ғана емес, бүкіл халық екенін жақсы білесің. Бұл екеуміздің арамыздағы жеке бастың дауы емес. Монтаждалған депсің. Ненің монтаж, ненің шантаж екенін ажырата алатындай жастамын деп ойлаймын. Кез келген ұзақ видео қысқартылады. Егер қысқартқанда мағына өзгеріп кетсе, онда өзіңмен толық келісемін. Тіпті өзіңді қорғаймын. Бірақ не айтқың келгені ап-анық тұр ғой. "Меккеде намаз оқыған адамды жамбасынан оңдырмай тебуге рұқсат беріп қойған дін қандай дін" - деген күдікті сауал әркімнің ойында қалды. Қасиетті қағба алдында кейбір адамдардың Аллаға беріліп кетіп қолайсыз жерге намаз оқығанын шешудің құйымшаққа қатты тебуден басқа өркениетті, адам қадірін кетірмейтін басқа мәдениетті жолы жоқ па, сонда? Міне осы сөздермен діннің қадірін кетірдің, саясатқа қолжаулық еттің. Және бұл сөзіңді, яғни, діни аргументті көшеге шыққан халықты жасына қарамай аямай қамауға, полицияны қайрау үшін айтқаныңның қай жері монтаж? Сосын көшеге біреу алданып шығады, енді біреу тарығып шығады. Қайсібірі әділдік іздеп, азаматтық позициясын білдіру үшін шығады. Полицияға "алаңдағы халық біреуіңнің әкең, біреуіңнің анаң, әпке-қарындасың. Мемлекеттің қауіпсіздігін дөрекілікке бармастан сақтаңыздар. Әсіресе жасы үлкен кісілерге қатты кетіп жағдайды одан әрі ушықтырып, халықты ашындырып алмаңыздар" - десеңіз нағыз жанашырлық, шынайы мемлекетшілдік болар еді. Талай постымда да ашық айтып жүрмін. Мен революцияны қолдамаймын. Бірақ әділетсіздікті айтуға, жеткізуге тиіспіз. Әділетсіздікті айтуға тиіс адамдар тек сарайды мадақтағанның нәтижесінде мемлекетімізде көптеген былықтар орын алып жатыр. Халық өзіңнен таразының басын тең ұстап мемлекетіміздегі талан-таражды, жемқорлықты, ысырапшылдықты, әділетсіздікті де айтуыңды қалайды. Біржақты уағызға халық мезі болған.

Сосын өзіңе ғана оңаша айтатын екеуміздің арамыздағы жеке бастың мәселесі емес қой. Видеоң барлық әлеуметтік желіде кең тарап, халық менсіз де қызу талқылып жатқан болатын. Мен дін адамы ретінде өз позициямды білдірдім, қате сөздеріңді сынадым.

"Монтаж" - деп ақталмай-ақ, "кейбір сөздерім мен мысалдарым орынсыз болыпты, эмоциямен айтылған қате әрі артық сөздер екен. Сол үшін халықтан кешірім сұраймын" - десең халық басқаша қабылдар еді. Әрдайым халықтың жанында болуға тиіс өзің сияқты ақынға осы жарасар еді. Асыл арнаны жабуға қатысты пікірлерге қосылмаймын. Оны қадағалап отырған мемлекет пен ҚМДБ мамандары бар.

Мен өз ойымды айттым, өзің де оған жауап бердің. Енді осы жерден тоқтайық. Халық ақ-қарасын өзі ажыратады. Артық кеткен жерім болса, кешірім сұраймын.


Қайрат Жолдыбайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 700    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 19:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31