Сен тұр - мен айтайын!

Мұхамеджанның халықты кінәлаған біржақты жағымпаз уағызына қарсымын

  • Мұхамеджанның халықты кінәлаған біржақты жағымпаз уағызына қарсымын

    Мұхамеджанның халықты кінәлаған біржақты жағымпаз уағызына қарсымын

Өмірде мені талай адам ренжітті, сыртымнан өсек айтты. Неше адам сатқындық жасады, бетіме мақтап, арқамнан қанжар сұқты. Солардың бәрін "пенде ғой, қателесуге қақысы бар" - деп кешірдім. Тіпті аттарын атап, игі тілек тіледім. Ешкімге кек сақтамауға тырысамын. Бұл менің жеке басыма жасалған пендешілікке қатысты берік ұстанымым. Бірақ дінге, халыққа жасалған қиянатқа, әділетсіздікке үнсіз отыра алмаймын.

Мұхамеджан Тазабекпен бес берес, алты аласым жоқ. Оңтайлы ситуацияны пайдаланып қалайын деген қара басымның ұсақ есебі де жоқ. Бірақ Мұхамеджанның дінді аргумент ретінде қолданып, полицейлерді халыққа қарсы қайрауына қарсымын. Халықтың көңілін діннен суытуына қарсымын. Халықты кінәлаған біржақты жағымпаз уағызына қарсымын. Осындай біржақты теріс уағыздар мемлекетке деген жанашырлық емес, керісінше қастандық. Мәселені одан әрі ушықтыру, халықты одан әрі ашындыру. Полицейлер оның кешегі сөзінен не ұқты? Қағбада намаз оқып тұрған адамды тебуге болатын болса, көшеге шыққан адамды кемпір, шалына қарамай жаншып тастасаң да болады, тіпті сауапты іс екен деп түсінді. Міне мен осыған қарсымын! Дінді саясатқа қолжаулық еткеніне наразымын.


Қайрат Жолдыбайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 732    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2019, 20:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31