Сен тұр - мен айтайын!

Мұндай батылдық біздің қайраткерлердің қолынан келе қояр ма екен

  • Мұндай батылдық біздің қайраткерлердің қолынан келе қояр ма екен

    Мұндай батылдық біздің қайраткерлердің қолынан келе қояр ма екен

Өткен ғасырдың 80-90-шы жылдары қазақша сөйлейтін спортшы ілуде біреу еді. Радиоға (ол кезде спорт журналистер соншама көп болмағандықтан ба радио бізге спортшыларды сөйлетуге тапсырма беретін) қазақша сөйлейтін спортшы іздеп талай әуре болдық. Бірде Алматыда жүзуден бір жарыс өтіп, сонда бардым. Сол баяғы, қазақша сөйлейтін қазақты сөйлетпекпін. Элмира Ибараева деген бір фамилияны көріп қалып, қуанбаймын ба? "Сіз қазақ жүзгіш іздеп жүрсіз бе? Элмираның тегі қазақша болғанымен, қазақша білмейді, одан да сұхбатты бізден алыңыз" деп орыстар қарқылдап күлсін. Шынында да, Элмирамыз тегі қазақ болғанмен, көзі көк, қазақтан гөрі өзге ұлтқа ұқсайтын сап-сары қыз екен. Қазақша білмейді. "Қазақша білесің бе?" деген сұрағымызға "О, боже!" деп намыстанып басын ала қашты.

Әлгінде "24Хабар"-да (мүмкін "Хабар 24" шығар) әлі мұрты шықпаған қазақтың бір сап-сары баласы орысша сөйлеп, оны тілші қазақтың қазақшаға аударып әлек болғанын көріп, есіме жоғарыдағы оқиға түсті. Бұдан кейін қазақ милициялары да орысша сайрап жатты. ІІМ-нің бір бөлімін басқаратын қазақ әйелі орысшаны қиналып, қазақы акцентпен әзір бітірді. Орысша білмесе неге өз ана тілінде сөйлемейді деп күйіндім. Қазақша сөйлесе аузы қисайып қалатындай. Қазақстанда қазақ тілі үстемдік құрып тұрғанда қазақ бағдарламасында қазақты қазақшаға аударатындай басымызға не күн туды?

Сонау бір кездері қазақтың арда ұлы Мұстафа Өзтүрік цирктегі өнерін көрсетіп болып, демалып отырған жерге орыстың бір журналист қызы баса көктеп кіріп кіріп келіп: "Мустафа Озтюркович..." дей беріп еді, "мынау не деп шүлдірлеп тұр?" дегені бар батырдың. Қазақтың майшелпек екенін білетін әлгі журналист не дерін білмеді. Ақыры сұхбатты аудармашы арқылы алды. Мұндай батылдық біздің қайраткерлердің қолынан келе қояр ма екен, қазақ бағдарламасында қазақша, орыс бағдарламасында орысша сайрайтын депутаттарымыз жетеді. Осылар қай арна болсын қазақша сөйлесе, орыс тілді арналар өз-өзінен азая түсіп, орыстілді ағайындар қазақша сөйлеуге әрекет етер ме еді дегенім ғой. Біздікі әйтеуір үміт.


Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан


 


 


 




Көрілген: 1744    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 22:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31