Сен тұр - мен айтайын!

Мұндай жағдайда Қазақстан да қарап отырмау керек шығар?

  • Мұндай жағдайда Қазақстан да қарап отырмау керек шығар?

    Мұндай жағдайда Қазақстан да қарап отырмау керек шығар?

1932 ж. атасы мен бауырларының қолынан қаза тапқан Павлик Морозовты Кеңестік идеологияның құрбаны деуге болады..

Артынша Кеңес Одағы құрамындағы барлық ұлт өз "Павлигін" шығара бастады.

Қазақта ондай "батыр бала" болып Болатбек Омаров деген бозбала "тағайындалды"

Осылайша, большевиктердің арбауына түскен шаласауатты талай қазақ өз бауырын ұстап берді..


Әкесін ұстап берген осы Павлик Морозовты ұлттық батыр деңгейіне көтерген коммунистер 1948 ж. оған Мәскеуде ескерткіш қойғаны сол еді, оның мүсіндері мен портреттері бүкіл Одаққа таралып кете барды.

Кеңес Одағында 1991 жылға дейін Павликтің атын білмейтін бала болмады.

Мәскеудегі сол ескерткіш демократияшыл күштер бел ала бастаған 1991 жылы қиратылды.


Ал кейінгі күндері Ресейлік "социологтар" күнара түрлі сауалнама жүргізіп, "КСРО-ы аңсайтын азаматтардың саны күн сайын артып келе жатқаны" туралы сарнап жатыр..

Тіпті "КСРО заңсыз таратылды" деген әңгімелер шыға бастады.

Қазақстанда тұратын азамат өзінің 1986 жылы желтоқсан күндері қандай "ерлік" көрсеткенін ашық жазып жатқанын оқыған шығарсыздар?! Ол азаматты Аружан Саинмен не байланыстырады?

Бұл ең жақын көршіміз, әрі одақтасымыз Ресейде имперлік күштердің толық жеңіске жеткенін көрсетсе керек..

Мұндай жағдайда Қазақстан да қарап отырмау керек шығар?

Біздің идеологтардың не ойлағаны бар?


Одан бөлек...

Жыл сайын Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектепте Ресейлік жоғары оқу орындар Қабылдау комиссиясын ашып, жәй ғана әңгімелесіп, біздің түлектерімізді өздеріне қабылдайды.

Құрсаққа біткеннен мектеп бітіргенше Қазақстандық салық төлеушінің мойнына жүк болған жастарымыз осылайша Ресейге оқуға аттанады.

Оның нешесі сонда қалып, нешесі кері қайтатыны туралы статистика жоқ.


Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


 


 




Көрілген: 773    Пікірлер: 0

жұма, 21.12.2018, 11:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30