Сен тұр - мен айтайын!

Мұндай қатын алғанша өмір бойы тіземді құшақтап өткенім жақсы...

  • Мұндай қатын алғанша өмір бойы тіземді құшақтап өткенім жақсы...

    Мұндай қатын алғанша өмір бойы тіземді құшақтап өткенім жақсы...

Бұл менің қатыным емес

Екеуі қырықтан асқан, енді біреуі елуді еңсерген үш қатын темекі тартып тұр. Ауыздарынан, мұрындарынан шыққан көк түтін үстілеріндегі тондарын қауіп, тіпті қарақошқыл қылдарының арасына сіңіп кетіп жатыр. Осыған қарап олардың ауыздары ғана емес, үстілері де темекі сасып тұратындығын ойладым.
Мәселе мұнда да емес. Мәселе қазір қазақ әйелдерінің, қыздарының темекіні жасырмай тартатындығында. Оларға "қой" дейтін пенде болмай қалды. Еркекті көрсе именетін арулардың адасқаны соншалықты жігіттерден темекі сұрап жүреді. Оларға темекі тұтатып беруден еркектер де ерінбейтін болған. "Қазаннан қақпақ, иттен ұят кетті" деген осы.
Әлгі үш қатынның байларынан таяқ жеп көрмегені көрініп тұр. Тіпті үйлерінде ондай тірі қуыршақ жоқ та шығар. Көшеде қаптаған адамдар әлгілердің қарқылдаған күлкісіне қарап, қара қарға көргендей қарап өтіп жатты.

Анасының қолынан ұстаған бір бүлдіршін:
- Мама, темекі жаман ә...-, деді ана үш қатынға қайта-қайта қарап.
Айналасында адам өліп жатса да қарамайтын кейіптегі келіншектер түтінгі көміліп ұзақ тұрды. Осындайлар әйелдер жас ұрпаққа қандай өнеге көрсетеді?
Осыны ойлап тұрғанда сыртымнан бақылап тұрған бір танысым: "Қатындарыңа қарап тұрсың ба?" деді әзіл-шынын араластырып.
-Құдай сақтасын, мұндай қатын алғанша өмір бойы тіземді құшақтап өткенім жақсы, - дедім оған.
"Бұл бірен-саран оқиға" дейік десем, темекіге телмірген қыз-келіншектер күн сайын көбейіп барады. Айналаңызға қараңызшы? Бұл жағынан Алматы озып тұр...

Жолдасбек Дуанабай
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 13937    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.12.2019, 11:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31