Сен тұр - мен айтайын!

Мұндай қоғамға демократия аяғын аттап баспайды. Басса, сол сәтте сирағы сынады

  • Мұндай қоғамға демократия аяғын аттап баспайды. Басса, сол сәтте сирағы сынады

    Мұндай қоғамға демократия аяғын аттап баспайды. Басса, сол сәтте сирағы сынады

Адамды киіміне қарап оның немен айналысатынын ойша ұра салатын қоғамда өмір сүреміз. Қысқа кисе - жезөкше, киімі жұпыны болса - сіңірі шыққан кедей, шаш үлгісі қарапайым болса - жақсы жігіт, шашы ұзын, боялған болса - гей. Супер! Мұндай қоғамға демократия аяғын аттап баспайды. Басса, сол сәтте сирағы сынады.
Өткен жылы бір полицей әйелдің шашын қоғам жатып кеп талқылады. Сондағы бар мәселе оның шаш үлгісінің ерекшелігінде еді. Халыққа оның кәсібилігі, қызметіндегі жетістігі бар ма, жоқ па қызықтырмады.
Ұзын кие ма, қысқа кие ма, не айырмашылығы бар?! Қоғамға пайдасы тиер өз маманы болса болды емес па? Гарвардта бұтына шорты, үстіне майка киіп келіп, лекция оқитын әлемдік деңгейдегі профессорлар бар. Сенбесең Ютубтан қараңыз. Солай киінгені үшін оның қоғамға берер пайдасы азайып қалды ма? Бізде ондай болса, таспен ұрып, есекке теріс отырғызып жіберер.
Егер сен адамды киіміне қарап бағаласаң және қоғамның бірдей киім үлгісінде болғанын ойласаң, онда кешіріп қой, бірақ сен өзің сондай аңсап, күн сайын қақсайтын демократияға дайын емессің. Сен әлі де адамның сыртқы келбеті маңызды деп санайсың, ішкі дүниесі мен пиғылы, оның кәсібилігі сен үшін екінші орында.

Адамның қандай киім киетіні, қандай шаш үлгісі мен тырнағын жасататыны, оның тату салып, салмайтыны, құлағын тесетіні немесе теспейтіні өз еркінде болуы міндетті. Мемлекет мектеп арқылы, отбасы институты ата-ана, аға-іні арқылы тәрбие берсе болды. Ал ересек адам өзі шешім қабылдайды. Бастысы аморальдық әрекетке бармау және біреуді "мен сияқты істе, менің жолыммен жүр" деп үгіттемеу. Сол да қиын ба?! Келіспеуге құқылысыз!


Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1093    Пікірлер: 0

сенбі, 06.06.2020, 02:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31