Сен тұр - мен айтайын!

Мұндай приключениялар менде ғана болатын шығар...

  • Мұндай приключениялар менде ғана болатын шығар...

    Мұндай приключениялар менде ғана болатын шығар...

Кафеде жақсы жігіттермен шайды шәйнек-шәйнегімен сораптап отырып, әңгіме соғып отырғанда даяшылар келіп, "сағат 10 болды, жабыламыз, кетіңдер де кетіңдер, сендердің кесірлеріңнен штраф төлейтін жағдай жоқ" деп, әжетханаға кіргізбей қуып шыққан соң суық Астанада 5-6 минут такси күтіп, содан ол таксиші 29-шы үйге емес, 29/2 деген үйге әкеп тұрса, одан екі үйді айналып, өз үйіңе жеткізу үшін таксиші тағы екі көшені айналса, (өзің түстен кейін, кешке дейін тек су, шай ішумен болғансың...); "уф, жеттім-ау, сәл шыдасам болды" деп, такси тоқтап үлгермей жатып, соңғы 2 мыңдықты тастай салып, сдачасын күтпестен сыртқа атып шығып, безе жөнелгенде, соңыңнан таксиші "гражданинаа, сдача...а..." деп қала берген дауысын естіп, біреу соңыңнан қуып келе жатқандай, каблук етікпен жүгіріиииип подъезге кіріп, 17 қабатта жүрген лифтіні шақырып, ол жеткенше "шықпа, жаным, шықпа" деп тұрып, лифт сызылып, ыңыранып әрең жеткенде "ууф!" деп лифтіге мініп, 4 қабатқа көтеріліп бара жатып, "хороша, что 17 қабат емес" деп ойлап үлгергеніңше лифт сенің 4 қабатыңа тоқтап тұрып, есігін ашпастан, 17 қабатқа көтеріліп кетсе, одан сен жалма-жан қайтадан 4 қабатты басып, төмен сырғи өз қабатыңа жеткенде лифт мазақ еткендей тағы да тоқтап тұрып есігін ашпай, 1 қабатқа асықпай сырғи жөнелсе, ол жерге барып, ойланеееп тұрып, есігін ашқанда, жалма-жан қайтадан 4-ті басып, 4-ке асықпай ыңыранып жетіп, тағы да тоқтап тұрып, "есікті ашсам ба екен, ашпасам ба екен" деп асықпай ойланып тұрып-тұрып, қайтадан сені 15-қабатқа "алып қашса", одан жалма-жан қайтадан 4-ті басып, 4-ке жеткенде тағы да күйдіріп есігін ашпай, сен тарсылдатып есігін алақаныңмен ұрып, қолыңдағы ұзын кілтпен есіктің ортасын ажыратып ашып жібермекші боп жанталасып жатқанда.... еріне ыңырсып 1-қабатқа түсіп кетсе.....
"Қайтер едің, жаным-ау, қайтер едің,
Мына менің күйімді-ей саған берсе?.."
Не деп ойлап қалдыңыздар ма?..
Жоғаа.... жарыла жаздасам да шыдадым.... лифтіде ешкім болмағанының пайдасы - емін-еркін ламбада билейсің...
Қайтадан асықпааай 5-ке барып, 4-ке жүгірииип жаяу түсіп, есіктің кілтін қолымнан 3 рет түсіріп алып, әрең ашып, үйге кірген бойда, етікті де, шубаны да шешпестен, сумканы лақтырып жіберіп, екі аттап зуу етіп.... "уфф, осы столбы болмағанда...." деген иттің жанын сонда ғана түсіндім....
Дүние неткен кең еді, шіркін!!!.... кәйп қой...
Мұндай приключениялар менде ғана болатын шығар?..
Әлде сіздерге де таныс па?..




Көрілген: 1966    Пікірлер: 0

сенбі, 21.11.2020, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31