Сен тұр - мен айтайын!

Мұндайдың ең жоғары атауы – тауық қора

  • Мұндайдың ең жоғары атауы – тауық қора

    Мұндайдың ең жоғары атауы – тауық қора

2019 жылдың ақпанының басында ел астанасының ұмытпасақ, Көктал жағындағы бір не екі қабатты үйлері бар, қар басқан тар көшесімен бес қыздың жаназасына бардық. Туыс ағасы да, жақын атасы да емеспіз. Ондай қыздардың өмірде бар екенін солар өмірден жоқ болып кеткен күні ғана біліп едік. Арнадан асып жатқан діндарлығымыз, өрге тасып тұрған мұсылмандығымыз болмаса да, дәл осы жаназаға қатысуды парызымыз дедік.

 

Сырты – ақ, іші – қара өртенген бөлме тұр. Бір ғимарат – бір бөлме. Алпыс жасымызға дейін мұндайды көрмеппіз. Біз білгенде адам тұратын ең нашар деген мекеннің өзі кемінде екі бөлмелік еді: ауыз үй, төр үй. Мынау – бір бөлме. Мұндайдың біз естігендегі ең жоғары атауы – тауық қора. Ал мұнда 7 адам өмір сүріп келген. Сұмдық! Теңселіп кеткенбіз.

 

Ішіне кіруге дәтіміз жетпеді, үңірейген терезеден қарадық. Оны газеттің, сайттың, телевизияның көп тілшісі кәсіпқой камерамен, әлеуметтік желінің сансыз белсендісі қолдағы смартфонмен түсіріп жатқан соң, жағаласпадық. Теңселген қалпымызда бес қыздың алаңсыз дей алмасақ та күнәсіз балалық шағы басталып, кенет те қайғылы үзілген аулада жүрдік. Қарасақ, тағы бірнеше қора бар екен. Біреуінің ауылдағыдай қара сылақпен сыланған, онысы әлдеқашан шытынап кеткен қабырғасындағы ақ бормен жазылған жазу жүректі зырқ еткізді. «Альбина жазған!» Бес қыздың үлкенінің қатігез де жауапсыз әлемге, қамсыз да қайғысыз халыққа қалдырған қолтаңбасы!

 

Иә, қуықтай бөлмедегі алапат өрт олардан ешбір материалдық естелік зат қалдырмады. Үлкенінің бүкіл кітап-дәптері, кішілерінің қуыршақтары жанып кетті. Әке-шешесі иіскеп отырамын дейтін киімдері жанып кетті. Енді босаға емес, төрге қойса да артық болмас аяқ киімдері жанып кетті. Өздерінің жалын шалған денесі де жер қойнына мәңгіге кетті. Сонда қалғаны – мына қабырғадағы жазу еді!

 

Көзімізден жас саулап тұрып түсіріп алғанбыз! Бір жыл бұрын! 

 

 

Қайнар Олжай
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 13:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30