Мұны білгенде…

24 қараша 2022, 14:00

Тараз. Келіншектер әңгімесі

 

 Мен роддомға түскенде, палатамда халі мүшкіл әйел жатыр екен.

 

- Босануыңыз қиын болды ма?

 

- Қалай айтсам екен, толғақ келгенде не медбике, не акушер, не дәрігерді шақыра алмай қор болдым. Естиді, келмейді. Ақыры жанұшырып жүріп, босанатын орынға да жетпей жерде босанып қалдым. Сөйтіп жатсам да қиналып кеп, әрең қарады мамандар. Давление 200-ге шыққан, содан халім нашарлап, бала анда, мен мұнда жатқанымызға апта болды.

 

- Масқара, қарамағаны несі?

 

- Ақша беруім керек екен қалталарына салып. Мұны білгенде…

 

- Бұл әңгімеден шошып, главврачқа барып беретінін бердім. Алды. Содан уағым келгенде айналама қараймын енді мені ешкім елемейді. Бұдан үлкен ұл мен қызды аса қатты қиналмай босанған ем, бұл жолы тоғыз ай да ауыр өтті, босанатын кез келгенде қалжырадым да қалдым. Акушерге барып, көмек сұраймын, қолын бір сілтеп қорылға басады кеп. Ұйықтайды. Содан құдай екеумізге де өмір берген екен, әйтеуір, өлі мен тірінің арасына барып қайтып, аман қалдық. Ұл келді дүниеге.

 

Әупірімдеп есімді жинағанда білгенім, мен акушер, медбике мен дәрігерге де ақша беруім керек екен. Сонда олар жүгіріп “қызмет қылады” екен. Болмаса қалдың. Ашығын айтайын, мұны білгенде… Кейін қарап отырсам, медиктер палатаға кіріп, үш адамның kаспи номерін жаздырып кетеді екен. Менің сорым, олардың сөйтіп кірмей қалғаны. Одан қалды, техничкалар келіп, мен саған көбірек көңіл бөлген ем деп дәмеленеді… Мұны білгенде…

 

Астанада қалай екенін білмедім. Орталық қой. Аймақтарға тән сұмдық па деймін…. Тэгтеп жіберетін…

 

 

Aigerim Shaimerden

Фейсбуктегі парақшасынан