Сен тұр - мен айтайын!

Мына жақта 1 жыл жұмыс істе де, ипотекаңды жауып таста...

  • Мына жақта 1 жыл жұмыс істе де, ипотекаңды жауып таста...

    Мына жақта 1 жыл жұмыс істе де, ипотекаңды жауып таста...

АҚШ-та жүрген досыммен сөйлестім:


- Қайтсаңшы елге, сағынбадың ба?

- Сағындым, бірақ Қазақстанда отбасымды қалай асыраймын. Ары кетсе мұғалім болып, 150-200 мың теңге жалақы алатын жұмысқа істейтін шығармын, оны қалай жеткіземін? Мына жақта қазір айына 5 мың доллар табамын.

- Өй ақша өлсең де жетпейді. Бәріміз де сол 150 мыңды жеткізіп өмір сүріп келеміз ғой, өліп қалған жоқпыз. Сонда қашан қайтпақ ойың бар?

- Қартайғанда бірақ қайтамын. Сүйегім ата-жұртымда қалса болды?

Ыза болып кеттім:
- Ей сен әбден қартайғанда боғың жерге тыңайтқыш болмаса басқа не пайдаң бар елге? Сүйегіңді не қыламыз сенің? Жас кезіңде елге келіп пайда қылсаңшы?

- Айтасың-ау досым. Сенің дәл қазір банктердің пайызын төлеп жатқаннан басқа елге қандай пайдаң тиіп жатыр? Одан да сен АҚШ-қа менің жаныма кел. Сенің әлі 12 жыл төлейтін ипотекаң бар. Мына жақта 1 жыл жұмыс істе де, ипотекаңды жауып тастап, қалған 11 жылыңда адам сияқты өмір сүр тыртыңдамай. Жақсы жаңа көлік мін.

- Өзге елде сұлтан болғанша, өз жеріңде ұлтан бол!

- Мен қартайып еліме келгенде Қазақстанда дамыған, нағыз құқықтық мемлекетке айналады. Әділетті қоғам орнайды деп сенемін.

- Дайын асқа тік қасық боламын деші..Одан да сол қоғамды құруға қазірден ат салыссаңшы?

- Мен қазір тапқан ақшамның тең жартысын ай сайын Қазақстанға жіберіп жатырмын. Бір бауырым ол ақшаға шағын цех ашып бизнесін дамытып бастады. Үлкен ағам жеке шаруа қожалығына ешқандай несиесіз жаңа техникалар алып, мал басын көбейтіп жатыр. Қазақстандағы бизнесімді қаржыландыруға осыдан басқа оңай жол көріп тұрған жоқпын. Өзімді еліме азғантай болса да инвестиция әкеліп жатырмын деп санаймын. Өкпе-ренішіңді маған емес, керісінше Қазақстанның ақшасын шетелге апарып шашып жатқандарға айтсаң болады.


Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 5049    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 17:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31