Сен тұр - мен айтайын!

"Мына жермен жүрмеңіз", деп үлкен шендінің сапарлап келгенін айтты

  • "Мына жермен жүрмеңіз", деп үлкен шендінің сапарлап келгенін айтты

Гүлшара Әбдіқалықовамен болған бүгінгі жағдай осыдан 2-3 жыл бұрынғы оқиғаны есіме салды.
Кенже қызым 2-класс оқып жүрген кез. Сабағы түстен кейін басталады. Қолынан жетектеп күнде мектепке апарамын. Бірде автобустың аялдамасынан түсіп, қарсы бетке өтейін деп едік, бір полицей қарсы алдымызға тұра қалды. Сонда ғана байқадық: Мәшһүр Жүсіп көшесін жауып тастапты. Полиция қаптап жүр.
"Мына жермен жүрмеңіз", деп үлкен шендінің сапарлап келгенін айтты (аты-жөнін ұмытып қаппын), сол көлігімен өтіп кеткенше, күтуіміз керек екен. Біз мұндайға үйренгенбіз ғой. Бірақ қызыма бұл сөз шыбын шаққан құрлы әсер етпеді.
"Мен мектепке баруым керек! Сабақтан қалып бара жатырмын", - деді менікі бұдан да маңызды дегендей. Полицей алға ұмтылған баланы кері тықсырды.

"Бәрібір мен мектепке баруым керек. Әйтпесе мені кезекшілер жазып алады", деген қызым енді көздері жасқа толып, жыламсырады.
Алайда оның көз жасы полицияның жүрегін жібіте алмады. Біз сол жерге жарты сағаттай жіпсіз байландық. Осы уақытта қызым пора-пора болып жылап тұрды.
Қызыма алаңдаған мен кортеждің өткенін де аңғармадым.
Мектепке кіргізгенде, жол бойы жылап келген қызымның екі көзі бұлаудай болды.
Үлкен шендінің Екібастұзға сапары осылайша есімде қалды...


Дария Ергазина
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2821    Пікірлер: 0

жұма, 17.07.2020, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30