Мына келіншектен соң, үйсіз-күйсіз босығандарға түк те жаным ашымайтын шығар

26 шілде 2021, 10:36

Таңмен қақпамды біреу ұрып тұр. Беймезгілден қорқам ғой, сол. Жүгіріп барсам, жас келіншек. Пәтер іздеп жүр екен. "Времянкаңызды жалға бересіз ба?" дейд. Времянкамды отынханаға айналдырғанымды айтып жатсам, "өзім реттеп алам" деп бір қиылады дейсің? Мен де Қожанасырдың қарындасымын ғой, қарап тұрмай солтүстік бағдарламасына үгіттейін.) Сөйтсем, әлігі келіншек есі ауған адамға қарағандай қарасын?)) "Апай, бермесеңіз қойыңыз, солтүстікке итім лағып па?" деп, көзі аларды. "Ә, онда обалың жоқ жан екенсің. Дайын хан сарайын тәрк етсең, өстіп, бала-шағаңмен босып жүре бер" деп, қақпамды жауып алдым. Үкіметті көп тілдейтіннің бірімін. Бірақ, солтүстіктен дап-дайын үй, көтерме ақша, жұмыспен қамтып отырған бағдарламасы үшін ризамын! Қызметтес келіншектің солтүстікке көшкеніне үш ай болды. Ватсаппен сөйлесіп тұрамыз. Хан сарайындай үйге тап болып, жұмысқа орналасып, көтерме ақшаға үйінен қосымша табыс тапқанға тігін цехын ашып алып, бақыттан басы айналып жүр. Көзім көрмесе сенбес пе ем, көзім көрген соң үйсіз көрсем насихаттайтын болдым. Мына келіншектен соң, үйсіз-күйсіз босығандарға түк те жаным ашымайтын шығар. Бір қазақтың жерінен неге қашады? Оңтүстіктің өмір сүргенге жайлы екені рас. Бірақ, үйі жоқтың - күйі жоқ демекші, солтүстіктегі қаңырап тұрған хан сарайларынан қашатыны миыма еш кірмейді! Сіздер де солтүстік бағдарламасын айтыңыздар. Айтқанды қабылдамаса, демек, аяудың қажеті жоқ. Дап-дайын күйден - босқындықты таңдағаны үшін күйінгенімді Құдай өзі кешірсін.

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан