Сен тұр - мен айтайын!

Мына өмірдегі қиындықтардан қажып, соның өшін бір-бірінен алмақ болып кінәласқан жұрт

  • Мына өмірдегі қиындықтардан қажып, соның өшін бір-бірінен алмақ болып кінәласқан жұрт

    Мына өмірдегі қиындықтардан қажып, соның өшін бір-бірінен алмақ болып кінәласқан жұрт

Кеше адам энергетикасы жайлы қалжыңға сүйеп жазып едім. Негізі, абайлау керек. Қоғам тым ызақор болып кеткендей. Осы фбны қарасаң-ақ жеткілікті, біреу өміріне, біреу айлығына, біреу үкіметке, біреу бауырына, біреу көршіге, біреу зайыбына, біреу партияға, біреу қазақ тілін білмейтін көшедегі әлдекімге, енді біреу тұтас дүниеге кіжініп, өкпелеп жазып жатады. Біреулер әртіс, журналист, т.б. "тепкілеуден" спорт шебері болып алған. Солар болмағанда... дейді ғой. Мына өмірдегі қиындықтардан қажып, соның өшін бір-бірінен алмақ болып кінәласқан жұрт. Әркім сәтсіздіктерден ақталу үшін өзінің бағасы мен таланты зор екеніне, я болмаса, жалғанда үлесі көптеу болуы керектігіне, соны біреулер еншілеп кеткеніне, немесе, өз бақыт-құсын біреу байлап, қамап ұстап отырғанына сеніп алған. Содан ызаланады, мысқыл, кекесін пайда болады. Тілінің уын барынша төгіп тастауға тырысады. "Шаққаным" жалп ете түссе сәл жеңілдеп қалармын деп ойлайтындай. Біреудің обалын былай қоя бер, іштен лықсыған сол у өзгеден көрі өзіңді көбірек бунайды ғой. Табиғат лас екені анық, проблемалармен былғанған, іштен жеген адами энергияның да залалы орасан ба деймін. Жүрек, жүйке дерті, т.б. пәлекет көбейіп кетіпті, баудай түсіріп жатыр. Экологияны кінәлаймыз. Қара түтін басқан ауаны өмірге өкпелілердің ашу бунаған аурасы тіпті ауырлатып жіберетіндей. Мүжіген ойды бір сәт серпіп тастап жарыңыз, перзентіңіз, бауырыңыздың жүзіне қарап күліңізші. Үйде ешкім жоқ болса айнаға қарап жымиыңыз. Күлкі мейірді оятады, мейір жүректі сақтайды. Жүрек шуақ шашса ішті жеген түпсіз, түнек ойға жарық түседі. Ал проблемалар... Оң қолды көтеріп, бір сілтеңіз. Әр мәселенің түбінде бір шешімі бар.


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 901    Пікірлер: 0

жұма, 29.11.2019, 17:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31