Сен тұр - мен айтайын!

Мына семинарға қатыссаң жоғары оқу орнына түсіп, төрт жыл білім алудың керегі жоқ шығар

  • Мына семинарға қатыссаң жоғары оқу орнына түсіп, төрт жыл білім алудың керегі жоқ шығар

    Мына семинарға қатыссаң жоғары оқу орнына түсіп, төрт жыл білім алудың керегі жоқ шығар

ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ПЕН ЖАНАТ МҰСАТАЕВА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҚШАСЫН АЯМАЙ МА?


Соңғы жылдары түрлі салада семинар өткізу сәнге айналып бара жатыр. Әсіресе мұғалімдерге арналған семинарлардың санынан жаңыласың.


Таяуда Отырар ауданында мұғалімдерге арналған сондай сансыз семинарлардың бірі өтіпті. Денешынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған екен. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық спорттық медицина және оңалту институтымен бірлесіп өткізген.


Семинардың тақырыбы:


«Балалар және жасөспірімдер психологиясының өзекті мәселелері. Жалпы білім беретін және арнайы мектептердің оқушыларына медициналық алғашқы көмек көрсетулердің ережелері мен жедел жағдайлары. Оқушыларға алғаш көмек көрсету ережелері, мектеп жасындағы балаларға дұрыс және пайдалы тамақтанудың негіздері. Бұқаралық спорт түрлеріндегі жаңа және заманауи үрдістер. Черлидинг бойынша мастер-кластар мен оқыту. Мектеп оқушыларына арналған футболдың теориясы мен тәжірибесі».


Тақырыбын оқығанда «мына семинарға қатыссаң жоғары оқу орнына түсіп, төрт жыл білім алудың керегі жоқ шығар» деп ойлап қалады екенсің. Дұрыс және пайдалы тамақтану, Черлидинг дей ме, футболдың теориясы дей ме, әйтеуір сұмдық енді. Соның бәрін үйретіп жібереді-міс. Бұл семинар туралы Отырар ауданындағы бір мектептің мұғалімі айтып берді.


«Бізді мазақ қыла ма бұлар? Университетте 4-5 жыл оқыған нәрсемізді несіне үйретпекші? Мұның бәрін оқып, үйреніп қойғанбыз ғой. Әйтеуір болмайтын нәрседен ақша жасаудың амалы бұлардікі. Дене шынықтырудан беретін әр мұғалім 12 мың теңгеден төледік. Мынадай дағдарыста, ақша қысып тұрғанда 12 мың да ақша ғой бізге. 12 мыңға үш қап ұн келеді, болмаса 7-8 келі ет аласың. Осылар балаларымыздың нәпақасын ауыздарынан жырып алып кетіп жатқандарын біле ме екен? Қашан осындайдан арыламыз? Олардың берген сертификатын қайтеміз біз? Әр жерде бір қалады. Ондай сертификат үйде толып жатыр.


Сосын, семинар 36 сағатты құрайды деп еді, бар болғаны 1,5 сағатпен бітті. Нағыз алаяқтық қой бұл деген.


Біздің аудан басшылығы мен білім бөлімінің басшылары не қарап отыр? Біздің айлығымызды, ақшамызды аямай ма? Семинарсырап бара жатса өз қалталарынан төлеп оқытпай ма?»-деп күйінеді ол.


Ал енді осы семинардың өтуіне ұйытқы болған Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов пен Отырар аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаеваға айтар бір ауыз сөзіміз, бір ауыз өтінішіміз – алдағы уақытта тағы да осындай ақылы семинар ұйымдастырушыларға қолдау көрсететін болсаңдар ақшасын өз қалаталарыңнан төлеңдер не қазынадан бөлдіріңдер. Мұғалім сендерге ойыншық па? Байғұс мұғалімнің ақшасын аямайсыңдар ма? Айлықтарын қайдағы бір семинарларға емес, үйіне апарып, бала-шағасына жаратсын да.


Бұл семинар өздеріңіз байқап отырғандай Түркістан облысының барлық аудандарында өткізілетінге ұқсап тұр. Әлі талай «ды-шы» мұғалімі зар еңіреуі мүмкін. Ендігі жерде бұл мәселеге облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «қойыңдар» деп тоқтау салмаса, Айтахановтар мен Мұсатаеваларға бәрібір сияқты.


Dauren Abdramanov

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 855    Пікірлер: 0

сенбі, 25.05.2019, 18:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30