Сен тұр - мен айтайын!

Мына түрімізбен тәуелсіздік қолдан шығып кетпесін?!

  • Мына түрімізбен тәуелсіздік қолдан шығып кетпесін?!

    Мына түрімізбен тәуелсіздік қолдан шығып кетпесін?!

ФЕЙСБУК БЕТІ ҚАН ЖОСА...

Бірінің бетін бірі тырнаған қазақ. Қазақтың қазаққа ғана тырнағы сояудай, тісі балтадай, тілі - у мен зәр. Грамматикасы әлсіз болса да бәрі білімді. Содан келгенде бөлінгіш.


Руды айтпағанның өзінде: оралман дейді, жерлік дейді, уахаб дейді, зікірші дейді, орысқұл, арабқұл, қытайқұл, тағысын тағы, толып жатыр. Тек өзінің бағытын дұрыс деу үшін басқаларды құрбандыққа аямай шалып жіберетін қазақты көргенде, "осы шынымен қазақ па?" деп ойлайсың.

"Қазақтың жауы - қазақ" деген сөзді жек көрсем де мойындадым.

Бірін-бірі мойындамауды құлдық психология дейді.

Осы жаман әдет бізде қашаннан бар? Кешегі кеңестің озбырлығы қазаққа ерекше өтті дейді біреу. Кеңестің боданында болған елдің бәрі сол нәубетті бастан кешті емес пе?!

Аман болсақ әлі талай қиындықты көрерміз. "Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді" дегеннен де қалып барамыз. ІШТЕН ІРІДІК ҚОЙ, АҒАЙЫН!? "Жек көрсең де еврейді қолда!" дейтін ел, сонысымен алға кетіп қалды емес пе?! Жақсы да болсаң - өзімсің, жаман да болсаң - өзімсің, бізге кім мінсізін әкеліп береді?!

Шынайы махаббатты күтіп жүрмей)), жек көрсек те бірігейікші! ЫНТЫМАҚҚА КЕЛЕЙІК!!! Мына түрімізбен тәуелсіздік қолдан шығып кетпесін?! 


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1799    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.03.2019, 15:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31