Сен тұр - мен айтайын!

Мына заңды қабылдағандар - қазақтың жаулары!

  • Мына заңды қабылдағандар - қазақтың жаулары!

    Мына заңды қабылдағандар - қазақтың жаулары!

"ӘЙЕЛІН САБАҒАН ЕРКЕК 7 ЖЫЛҒА СОТТАЛАТЫН ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ"

 

Біріншіден, ешбір дені сау еркек, тіпті алқаш пен наркоман болса да, қараптан қарап тұрып әйелін сабай бермейді. Әйел өзінің тілімен, ісімен соған жеткізеді.

 

Рас, әйелін сабағанға ақтау жоқ, ол еркек - ақымақ!. Бірақ, өзін сабауға жеткізген әйел - одан да өткен ақымақ!!

 

Жеткізе қалса, Қобыландының қияйын деп келе жатқан қылышынан басын құтқарып қалған Құртқа секілді, таяқтан аман қалатын амалды табуға тырысқаны жөн...                      

 

Ал, мына заңды қабылдағандар - қазақтың жаулары, қазақ отбасының ойранын шығарғысы келетіндер!

 

Оқу "өтіп кеткен" жындылар, өйткені қазақ "еркек пен әйелдің ортасына есі кеткен түседі" дейді. Өйткені, ұрысқан, ұрған, таяқ жеп-жегізгендерді "табыстыратын тар төсек" бар...                  

 

Ал, төмендегі өлең - сөз түсінетін еркек пен әйелге арналған өлең.                                                                                     

 

Жалғыз ауыз сөзбенен-ақ өлтiрдiң,

Қарсы алдыңда тiрi өлiк боп мен тұрдым.

Тұрлауы жоқ болып шықты сертiңнiң,

Түрі құрсын қоқырайған бөркiңнiң.

 

Қараң қалсын мен ас берген тегене,

Тегене ас жұқпай жүр ме, немене?

Төске шапшып, бетiңнен ап жатқанда,

Қолың сынғыр, сабамайсың сен неге?!..

 

Таныта алмай намысың мен күшiңдi,

Не басып тұр, не басып тұр мысыңды?

Жаратылдың еркек болып несiне,

Жөндемесең терiс кеткен iсiмдi?!

 

Жонымды бiр тiлсе қамшы таспасы,

Былай қалып қояр едi-ау басқасы.

Күмiлжiмей әйелiңнiң алдында,

Бөркiңдi анау былай алып тасташы!..

 

Әй-шайға да, келтiрместен мұршаға,

  Үнсiз күйде өлiмшi қып бiр саба!

  Сенде қамшы, менде бұрым болса егер,

  Елге күлкi болар ма едiк мұншама?!..

                                        

Шәмшия Жұбатова

 

 

 

 

Өмірзақ Ақжігіт

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3142    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 14:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31