Сен тұр - мен айтайын!

Мынадай қарқынмен 59 мың отбасын 50 жылда да көшіріп бітпейміз!

  • Мынадай қарқынмен 59 мың отбасын 50 жылда да көшіріп бітпейміз!

    Мынадай қарқынмен 59 мың отбасын 50 жылда да көшіріп бітпейміз!

Негізінен, қазіргі ішкі миграция бойынша ұстанып отырған саясат дұрыс емес! Оңтүстіктегі еңбек күшін солтүстік облыстарға көшіру бойынша. 2018-2022 жылдары (бақандай бес жыл!) Түркістан, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау облыстарынан - Қостанай, СҚО, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарына 59 мың отбасыны көшіреміз деп жоспарлаған. Биыл үш жыл өте шықты. Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған отбасының саны әлі 3 мыңға да жетпейді! Мынадай қарқынмен 59 мың отбасын 50 жылда да көшіріп бітпейміз! Ол кезде қаңыраған ауылдар мен шаруашылықтарды қайтадан қалпына келтіру де оңай болмайды.
Сондықтан, бұл бағдарлама қайтадан ревизиядан өтуі тиіс! Жаңадан қоныс аударушы отбасының әр мүшесіне 35 АЕК көлемінде ғана өтемақы төленеді екен! Қазір 35 АЕК деген автокөлікке салынатын бір айыппұлдан да аз! Ондай қаржыға камикадзе болмаса, есі дұрыс адам бара қоймайды. Бұл жерде үкімет мына нәрсені ескеруі тиіс: солтүстікті игеруге мемлекет аса мұқтаж. Оның геосаяси маңыздылығын былай қойғанда, ауылшаруашылығына қажетті табиғи қажеттіліктердің бәрі сақталған. Болашақта ауылшаруашылық өнімдерімен жақын-алыс шетел нарығын жаулауға болады. Ал табиғаты қытымыр, суық жаққа қандай адам барып қоныстануы мүмкін? Ресей патшасы мен коммунистер Сібірді игергенде сотталған, айдауға жегілген жанкештілерді бірінші кезекке қойды ғой. Одан соң жоғары жалақымен комсомолдық екпінді еңбек майдандарын ашты. Жаңа қоныстанушылардан материалдық игіліктерді түк те аяған жоқ. Сібір солардың арқасында игерілді. Ал Қазақстан жағдайында солтүстікке жіберетін соншама қылмыскеріміз жоқ. Ендеше, ол жаққа жұмыссыз жастарды тек қана материалдық игіліктер арқылы ғана қызықтыруға болады. Яғни, солтүстңкке көшіп барған әрбір тұрғынға кемінде 500 мың теңге өтемақы, шаруашылыққа арналған тегін жер, тегін үй, жалақысына 2-3 есе үстемақы төлеуі тиіс. Міне, сонда солтүстікке ағылған жастарды, түрлі шаруашылықтардағы нағыз бәсекелестікті көзбен көрер едік!
Парламент сайлауында 7 пайыздық кедергіден өтсе, "Ауыл" партиясы осы айтылғандарды жүзеге асырады деп ойлаймын. Сайлауда бейтараптықты сақтағаныммен, "Ауыл" партиясына менің де бүйрегім бұрады. Бұрынғыдай тіршілік болса, ауылдың кеші рақат қой, шіркін!

Тоқтар Жақаш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1141    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.12.2020, 11:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31