Сен тұр - мен айтайын!

Мынандай қорғауда тұрған ауылдан бала-шағамды бекер әкетім бе деп ойланып қалдым

  • Мынандай қорғауда тұрған ауылдан бала-шағамды бекер әкетім бе деп ойланып қалдым

    Мынандай қорғауда тұрған ауылдан бала-шағамды бекер әкетім бе деп ойланып қалдым

ЕЛІН ОЙЛАҒАН ЕРЛЕР "АТҚА ҚОНЫПТЫ"!!!

Әлқисса!
Шымкентте індеттің көбейу қауіпі күшейгенге, ауылда "карантинде" жатқан бала-шағамды алып қайтпақ болып, аулыма барғанмын. Сонда, "Шымкент-Төлеби" шекарасындағы ТЖ бекетінен өткенсоң, ауылдан бір-ақ тоқтармын деп ойлағанмын.
Өкінішке орай (дұрысы, бағымызға орай) олай болмай шықты. Өйткені, әр ауылға жеткен сайын, әр ауылдан өткен сайын, жергілікті ауыл тұрғындарынан жасақталған "блок посттардан" өтуге тура келді. Әрбір автокөлік тоқтатылып:

"Кімсің?
Қайда бара жатырсың?
Қайда жұмыс жасайсың?
Руың кім?
Пәленше деген құдам бар еді, танисың ба?
Осындай машинаның фаралары қанша болып жатыр екен? - деген сияқты сұрақтарына жауап беруіңе тура келеді.
"Совхоздың бухгалтері "тел.номер, машинаның номерінен бастап, түгел "киіз кітабына" жазып отырады. Жауап бермеуге "хақың" жоқ.
Оларды ешқандай заң да, сот та қызықтырмайды екен))
Өйткені, осындай "Колхоздың Малдоқтыры", "Ауыл биі", "Ауыл молдасы", "Ауыл ақсақалы" сияқты, ауылдың игі-жақсыларынан құралған топтың мақсаты, елге қауіп төндірген осынау індеттен ауылдарын қалайда сақтап қалу.
Олардың сұрақтарынан өту, шекарадан өтуден қиындау екен))
Сосын...
"Блок посттарға" кім-көрінгенді қоймайды екен. Арнайы инструкциядан өткен, бұрындары "коррупциямен шатысы жоқ" дегендей, таңдаулы адамдардан жасақталады екен.
(Шпиондарға ешқандай шанс жоқ)

Өз басым өте риза болдым!
(Мынандай қорғауда тұрған аулымдағы бала-шағамды, бекер әкетіп жатырмынба деп ойланыпта қалдым).
Ең қиын "Блок пост" өз аулыма "кіреберістегісі" болды. Өйткені, ол жердегі "опер группаның старшиы" аулымыздағы ең боқтағыш "шалдың трақтарист баласы" екен.
"Жаурап далада босқа тұрмыз ба? Екі мыңды тастамасаң өтпейсің ш....нің баласы!" - дегенсоң, амал жоқ "қалтаға қол салуға" тура келді))

Ал енді қалжыңсыз айтсам...

Бұл іс өзге өңірлергеде үлгі болатын іс!
Әрбір ауыл, әрбір азамат өз үйін, өз ауылын, өз ауданын осылай қорғау ---- азаматтық парызы!
Тек бірлікпен ғана жеңеміз бұл індетті!

Осындай іс-шараларды ұйымдастырып жүрген аудан әкімі Бауыржан Омарбековпен, "ішкі саясат" басшысы Жұман ағамызға разы болдым. Ортақ іске елді жұмылдыра білуде ерекше қасиет!

Бәз-біреулер ойлап жүрмесін. "Өз ауданын мақтап жатыр" деп.
Жоқ олай емес!
Мен әлі індетке қарсы жұмыла кірісіп, дәл осылай күресіп жатқан өңірді кездестірмедім. Осы іс үлгі болып, әр өңірлерде дәл осылай қолға алынса екен деген ізгі ниет!
Әрқашан отан отбасын қорғаудан басталатынын ұмытпайық!

Рустем Ашетаев
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2136    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 10:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31