АЙЫППҰЛ АРҚЫЛЫ ТОНАУ
Жүргізуші куәлігісіз автомашина айдайтындарға жаза күшеймек. Бүгін мәжілісте осы жағы сөз болыпты. Қазір правасыз машина жүргізгендерге 25 250 теңге айыппұл салынады. Енді оны 126 520 теңгеге көтермекші. Бұндай көп мөлшердегі айыппұлды ойлап табу үшін баста қандай ми болу керек екен. Адамды жүргізуші куәлігінсіз машина айдағаны үшін осылайша заң деп қойып тонауға бола ма? Қазір айына 126 мың теңге айлық алмайтындар жетерлік. Қатардағы мұғалімнің айлығы 70-80 мың. Правасын абайсызда ұмытып кетті делік. Сонда айыппұл төлей ме, әлде күн көре ме? Мен мысалы арақ ішіп рөлге отырғандарға қандай жаза кесседе қарсы болмас ем. Ал мынау енді тіптен шектен шыққандық.
Қанат Тілеухан
Фейсбуктегі парақшасынан