Сен тұр - мен айтайын!

Мында отырып ләйліп күбірлемей, осындайда бауырға қолдау білдіріп дүбірлейік

  • Мында отырып ләйліп күбірлемей, осындайда бауырға қолдау білдіріп дүбірлейік

    Мында отырып ләйліп күбірлемей, осындайда бауырға қолдау білдіріп дүбірлейік

Бізбен тегі бір, тілі бір, діні бір әзірбайжан халқын бірауыздан қолдайық қазағым.
Қазір оларға оңай болмай отыр. Оларға әр тараптан қысым жасалынып жатыр.
Ердоған дүниені тіреп тұрап жоқ, әйтсе де ол қолынан келгенін жасап арыстандай арпалысып жатыр.
Ильхам Әлиев пен Ердоған екеуінің қазір күні - түні ұйқы көрмей ат үстінде дамыл таппай жүргеніне сенімім кәміл.
Әзірбайжан халқының да қазір "бұның арты еліміз үшін қалай боп кетер екен"' деп дүдәмәл күйде отырғанын да сеземін.
Қазір олардың телеарналарының жүргізушілеріне шейін эфирде көз жастарына ерік беріп, бір қуанып бір жұбанып отырғанын өзіміз де көріп отырмыз.
Бұндай кезде кез келген моральдік қолдау олардың көңілдеріне сеп болады.
Әзірбайжан мемлекеттік телеарналарының қазір әркімнен демеу сұрап сөз беріп байыз таппай отырғанын байқап жүрмін. Енді, ел мен жер үшін соғысу деген оңай ма..
Сондықтан біз де өз кезегімізде "орыстың қаруы мықты, әрменнің анасы бар, мынасы бар" деп мында отырып ләйліп күбірлемей, осындайда бауырға қолдау білдіріп дүбірлейік.
Әзірбайжан да түркінің бір тұяғы, бел баласы.
Біздің қазіргі ынтымағымызды көріп "бұдұным (елім) деп күн ұйықтамадым, түн ұйықтамадым" деп кезінде толарсақтан қан кешкен Тоныкөк, Күл тегін, Білге, Мөде сынды бабаларымыздың әруағы "е, ұрпағымызға ес кірген екен" деп риза болып қабірінде бір аунап қалсын.
Барша Түркі дүниесіне қара шаңырақта іргелі ел боп отырғанымызды білдірейік.
Әсіресе бүгінде көшпенді түркі дүниесінің қара шаңырағын, қағанаттардың мұрасына тікелей мұрагерлік етіп отырған осы біздің - қазақтың түркі арасында шоқтығы бөлек.
Сондықтан бауырларымызды бұл қияметте бірауыздан қолдайық.
Бүгін елдік сыналып отыр.
Түркі дүниесінің аспанында бөлтіріктеріне алаңдап түркінің анасы - Көкбөрінің елесі кезіп жүргендей...

Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 834    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 21:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31