Сен тұр - мен айтайын!

Мыңдаған адамның тағдырын бір жұлдыз-жорамалға байлап қою – ақылға сыймайтын нәрсе ғой

  • Мыңдаған адамның тағдырын бір жұлдыз-жорамалға байлап қою – ақылға сыймайтын нәрсе ғой

    Мыңдаған адамның тағдырын бір жұлдыз-жорамалға байлап қою – ақылға сыймайтын нәрсе ғой

Құдайға сенбейтін біреудің гороскопқа сенетінін жазғанын оқып таң қалдым! «Жын-шайтан бар дегенге сенетін жастардан не күтуге болады?» деп көсемсіпті, соның алдында тағы бір атеист. Мен одан құдайдың бар екеніне сене ме, соны сұрай салып едім, ата-бабамның аруағына сенемін, тәңіршілдікті қолдаймын деген сыңайда өзі ғана түсінетін бірдемені айтты. Аруаққа сенетін болса, есі дұрыс адам оны жаратқан құдайдың бар екеніне де иман келтіруі керек қой? Өзі және тәңіршілмен деп айтып отыр. Тәңір деген де - Алла дегеннің, «құдай» деген сөздің синонимі емес пе еді?! Баяғыда бір телеканалдың редакторы да «Жынға сенбеймін, Аллаға сенемін» деп қатырған. Сосын оған Құранда да «Жындар» деп аталатын сүре бар екенін айтқанда барып сабасына түскен. Бұлардың логикасы да соған ұқсас. Гороскоп демекші, газетте істеп жүргенде сол гороскопты өзім жазатынмын. Дәл сол күні шыққан орысша газетті қараймын да, содан аударып бере саламын. Олар да оны ойдан құрады ма, әлде бір астрологтары бар ма, бір құдай біледі оны. Газеттің әр санында астрологпен кеңесіп отырмайтын шығар. Журналистердің көбі сөйтіп бірінен-бірі көшіріп, оған тағы өз ойынан да қосып жазатын. Газеттің саудасын жүргізу үшін жасалған маркетинг. Бірақ соған қаншама адам сенеді, газетті соған бола сатып алады. Мыңдаған адамның тағдырын бір жұлдыз-жорамалға байлап қою – ақылға сыймайтын нәрсе ғой, әйтпесе!

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 748    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 11:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30