Сен тұр - мен айтайын!

Мындай жүгенсіздікті тию үшін, пытырлатып айыппұл салып сытырлатып ақша жинау керек

  • Мындай жүгенсіздікті тию үшін, пытырлатып айыппұл салып сытырлатып ақша жинау керек

    Мындай жүгенсіздікті тию үшін, пытырлатып айыппұл салып сытырлатып ақша жинау керек

Бүгін күн 36 гратыс қапырық болды.
Содан салқындайын деген ниетпен күндіз Астанадан 15 шақырым жердегі Қаражар ауылының жанындағы өзенге бардым.
Салқындаған жұрттың қарасы көп екен, отбасыларымен келіп өзен жағасында демалып жатыр.
Сол демалған жұрттан сәл қырық - елу метрдей жерде боқтық свалка үйіліп жатыр.
Бөтелке, пластик қоқыстар тағысын тағы...
Кеше Астанадан 40 шақырым жердегі Бозайғыр ауылының көлінде болғанмын.
Ол жерде де сондай жағдай. Көлдің жағасында қоқыс шашылып жатыр.
Мәшинемен қасымызда бір еркектер сыра ішіп тұрған еді.
Босаған бөтелкелерін қол созым жерге лақтырып тастап отырды.
Оған шыдамай кетіп "оу көке, бұ жерде адамдар демалады ғой, ластамай отыр" деген ем, олар арттарын жинағандай болды.
Мен бұндай адамдарды "мәдениеті төмен" "андай мындай" деп сөккім кеп отырған жоқ.
Меніңше, табиғат аясын қору үшін, мындай жүгенсіздікті тию үшін, біреу табиғат аясында қақиып тұрып бұларға пытырлатып айыппұл салып сытырлатып ақша жинау керек.
Болды.
Сонда бұл проблема біржақты боп қалар еді.
Ағайындар, қазір бәріңіз сыртта жүрсіздер. Сезон.
Сіздерге бір өтінішім бар, табиғатты аялаңыздар, ластамаңыздар, табиғатқа шықсаңыздар арттарыңызды жинап жүргейсіздер.

Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4504    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 10:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30