НАДАН адамды білуге болатын алты сипат бар

26 қазан 2020, 08:30

Даналардың бірі НАДАН адамды қалай білуге болады деп сұраған кісіге былай деп жауап берген екен:

⠀⠀НАДАН  адамды білуге болатын алты сипат бар:

&bull1. Болмайтын нәрсеге ашуланады. Яғни, адамға да, жануарға да жынданып, ашуланады. Кім кездессе де одан зиян келіп тұрады.  Міне осы наданның сипаттарының бірі.

&bull2. Пайдасыз сөздер сөйлейді. Ақылды адам пайдасы жоқ нәрселерді айтпауы тиіс. Сөйлегенде дүние-ақыретіне пайдасы бар сөздерді сөйлегені жөн.

&bull3. Орынсыз жерге ақша береді. Надандықтың тағы бір белгісі &ndash бекер мал шашпақ. Сауабы тимейтін әлдекімге (не әлдебір жерге) дүниесін шашады.

&bull4. Сыр сақтамайды. Біреудің сырын, не өзінің сырын кіммен болса, сонымен бөліседі.

&bull5. Аңғал. Әркімге бір сенім артатын, тым сенгіш келеді.

&bull6. Досын дұшпанынан айыра алмайды. Адам баласы кімнің дос, кімнің дұшпан екенін білгені жөн. Досын танып, онымен жолдастық құрады. Дұшпанын танып, одан ұзақ тұрады. Ең басты дұшпан &ndash ол, шайтан. Шайтанның бұйырған нәрселеріне бойұсынбауы керек.

Аллаһ баршамызды надандықтан сақтасын!

 

 

Бибібатима Қадырова

Фейсбуктегі парақшасынан